Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму және 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Банк саласының жағдайы туралы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.


Ұлттық Банк басшысының айтуынша, COVID-19-бен сырқаттанушылардың рекордтық санына қарамастан, 2020 жылғы желтоқсанда әлемдік нарықтарда жағымды жаңалықтар басым болды. 


«Дамыған және ірі елдерде жаппай вакцинацияның басталуы экономикалық белсенділіктің қалпына келу болжамын жақсартып, нарықтар үшін оң белгі болды. $900 млрд сомасына Америка экономикасын ынталандырудың қосымша топтамасын қабылдау қор және тауар нарықтарына айтарлықтай қолдау көрсетті», — деді Е. Досаев.


Негізгі қор индекстері жылды айтарлықтай өсумен аяқтады. S&P 500 кең индексі 2020 жылғы желтоқсанда 3,7%, Dow Jones индустриялық индексі 3,3%, NASDAQ жоғары технологиялық индексі 5,1% қосты.


Осының аясында АҚШ долларының индексі төмендеу үрдісін көрсетті, алтынның құны бір айда бір унция үшін 6,6%-ға $1893,1 дейін өсті.


Ұлттық банк басшысының айтуынша, 2021 жылы қалпына келу қарқынына қатысты белгісіздік Еуропаның ең ірі экономикасы - Германияда тіркелген науқастар мен өлім-жітімнің рекордтық саны, сондай-ақ ағымдағы жылғы қаңтарда басқа континенттерге таралған Ұлыбританияда тіркелген вирустың жаңа штаммы аясында сақталуда. Бұл шектеу шараларын күшейтуге алып келді, бұл әлемдік экономиканың қалпына келуіне қауіп төндіреді.


«Global Composite PMI индексі 2020 жылғы желтоқсанда қарашадағы 53,1 тармақтан 52,7 тармаққа дейін төмендеді. Шектеу шараларына қарамастан, Еуроодақтағы іскерлік белсенділік индексі желтоқсанда 45,3-тен 49,1-ке дейін өсті. Сонымен қатар, Қытай өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік индексі өндіріс өсуінің баяулауына байланысты бір айда 54,9-дан 53-ке дейін төмендеді», — деді Е. Досаев.


Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің шоғырландырылған индексі 2020 жылғы желтоқсанда көбінесе құрылыстағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі есебінен 49,4-тен 49-ға дейін төмендеді, онда көрсеткіш 52,5-тен 49,5-ке дейін қысқарды. Қызмет көрсету саласында 0,7 тармаққа 48-ге дейін төмендеу байқалуда. Сонымен қатар, өнеркәсіп 2020 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет оң көрсеткішке жетті, индекс 49,6-дан 50,3-ке дейін көтерілді.


2020 жылы Қазақстан экономикасының 2,6%-ға жалпы төмендеуі Ұлттық Банктің 2,5-2,7% деңгейіндегі болжамдарына сәйкес келеді.

Жылдық инфляция да бір ай бұрынғы 7,3%-бен салыстырғанда 2020 жылдың соңында 7,5%-ға дейін жылдамдап, Ұлттық Банктің 7,0-7,5% деңгейінде күтулеріне сәйкес қалыптасты.


Бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес азық-түлік инфляциясы қосуда. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі нарықтарда жекелеген тамақ өнімдерінің (өсімдік майы, қант, жұмыртқа) теңгерімсіздігі күшейгеннен 10,8%-дан 11,3%-ға дейін ұлғайды.


Азық-түлікке жатпайтын инфляция киім мен аяқ киім бағасының 4,8%-ға (қарашада - 5,2%) дейін өсуінің баяулауы аясында 5,7%-дан 5,5%-ға дейін баяулады.


Ақылы қызмет инфляциясы қоғамдық тамақтану қызметі мен қонақ үйде қызмет көрсету бағасының өсуіне байланысты 4,1%-дан 4,2%-ға дейін жеделдеді.


2020 жылғы желтоқсанда мұнай бағасы өсуі және экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы есебінен өскен ішкі ұсыныспен қатар тәуекелді активтерге сұраныстың артуы теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 1,0%-ға нығаюына мүмкіндік берді.


Жалпы алғанда, 2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуына әкелген коронавирустан туындаған дағдарыс аясында әлсіреді. Мәселен, Бразилия реалы 29,0%-ға, түрік лирасы 25,0%-ға, ал Ресей рублі 19,3%-ға әлсіреді. 2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10%-ға әлсіреді. 


Е. Досаев атап өткендей, сыртқы жағдайлардың жақсаруына байланысты және Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып қабылдаған шаралар кешенінің арқасында теңгенің айырбастау бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып жылды жапты.


Ағымдағы жылғы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды.


Тауар экспорты мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты 18,2%-ға немесе $35,3 млрд дейін $7,9 млрд-қа қысқарды. Тауар импорты инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруы нәтижесінде 9,6%-ға немесе $26,4 млрд дейін $2,8 млрд-қа қысқарды.  


«Алтын бағасының өсуі нәтижесінде алтын портфелінің бір жылда $4,7 млрд-қа $23,6 млрд дейін өсуі есебінен алтынвалюта резервтері 2020 жылғы 31 желтоқсанда алдын ала деректер бойынша $6,7 млрд ұлғайып, $35,7 млрд болды. Алтын-валюта резервтері құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер Қарашығанақ консорциумынан өтемақы шеңберінде қаражат әкелінуі, Азия Даму Банкінің қарызы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер қаражатының Ұлттық Банктегі валюталық шоттарға әкелінуі есебінен $2 млрд-қа өсті», — деді Е. Досаев.


Ұлттық қордың активтері дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында шығыстардың түсімдерден асып кетуіне және мұнай бағасының құлдырауына байланысты бір жыл ішінде $3,1 млрд төмендеп, $58,7 млрд құрады.


Нарықтық құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша оң болып қалды және $4,1 млрд немесе 7,5% құрады.


Банк жүйесіндегі депозиттер 2020 жылғы қарашаның соңында негізінен теңгемен салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 15,3%-ға ұлғайып, 21,9 трлн теңге болды.


Ұлттық валютамен салымдар 13,3 трлн теңгеге дейін 23,1%-ға, валютамен салымдар 2020 жылғы қарашаның соңында 8,6 трлн теңгені құрап, 5,1%-ға өсті.


Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылғы қарашада 39,3%-ға дейін төмендеді.  


Экономикаға кредиттер 2020 жылдың басынан бері ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі нәтижесінде 2020 жылғы қарашаның соңында 14,65 трлн теңгеге дейін 5,6%-ға ұлғайды. Қысқа мерзімді кредиттер 2,1 трлн теңгеге дейін 3%-ға немесе 60,5 млрд теңгеге ұлғайды. 


Бизнестің кредиттік портфелі 2020 жылдың басынан бері 7,29 трлн. теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды. Бизнестің теңгемен кредиттері бойынша ставка 2020 жылғы қарашада 11,9%, оның ішінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 11,6%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша – 13,1% болды. 


2020 жылдың басынан бастап халықтың кредиттері 7,36 трлн теңгеге дейін 10,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыздар 4,3 трлн теңгеге дейін 3,2%-ға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,3 трлн теңгеге дейін 27,8%-ға өсті.


Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.


1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1 трлн теңге сомасына 1 373 өтінім келіп түсті, оның ішінде банктер жалпы сомасы 658,9 млрд теңгеге 854 өтінімді мақұлдады, 516,2 млрд теңге сомасына 778 қарыз берілді.


2. Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсанда кәсіпкерлер 612,5 млрд теңгеге 2 493 өтінім берді, оның ішінде 474,6 млрд теңгеге 1 733 өтінім мақұлданды, 528 млрд теңгеге 5 158 қарыз берілді, оның ішінде 136 млрд теңгеге 2 454  қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді.


Ұлттық Банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.


1. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанда 567,3 млрд теңгеге 48 355 өтінім қабылданды, 326,2 млрд теңгеге 27 700 өтінім мақұлданды, оның ішінде 258,7 млрд теңге сомасына 22 169 қарыз берілді.


2. «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанда 868,6 млрд теңгеге 95 719 өтінім қабылданды, 457,4 млрд теңгеге 50 939 өтінім мақұлданды, 370,1 млрд теңгеге 42 166 қарыз берілді.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді