Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сенаторлар Астана қаласындағы халықаралық әуежайда болды

Сенаторлар Астана қаласындағы халықаралық әуежайда болды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Астана қаласындағы халықаралық әуежайда болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Шекаралық бақылауды жетілдіру мәселесі кездесудің басты тақырыбы болып отыр.

Комитет төрағасы Андрей Лукин өз сөзінде еліміздің шекара қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді атап өтті.

Кедендік бақылау және шекаралық қауіпсіздік мәселелері қазір ерекше орын алады. Біздің міндетіміз – шекаралық бақылаудан өту кезінде қазақстандықтарды алаңдататын проблемалық мәселелерді өз көзімізбен көру. Сонымен қатар, әлемдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, шекарадағы ахуалға да қосымша назар аудару қажет. Қазір біздің шекарамыздан заңсыз өту, оның ішінде жалған құжаттарды қолдану әрекеті жиілеп кетті. Осыған байланысты шекаралық аумақты күшейту қажет, - деп атап өтті депутат.

Әуежайға сапар барысында сенаторларға смарт дүңгіршек пен жолаушыларды ресімдеу барысы көрсетілді. Парламентшілер сондай-ақ халықаралық рейстердің ұшу аймағының жұмысымен және құжаттарды тексеру рәсімімен, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды ресімдеу бөлімшесінің қызметімен танысты.

ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері өз кезегінде сенаторларға «Астана» авиациялық өткізу пунктінің қызметі туралы айтып берді және алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады