Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Павлодар қаласының әкімі болып Ержан Иманзаипов тағайындалды, деп хабарлайды Павлодар облысының әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында. 

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ержан Иманзаиповтың кандидатурасы Қазақстан президентінің әкімшілігімен келісіліп, оны қала мәслихатының депутаттары мақұлдаған. Жаңа әкімді аймақ басшысы Асайын Байханов таныстырды.
"Облыс орталығына әкім болу ауыр әрі жауапты міндет. Халықпен тығыз байланыс жасау керек. Мемлекеттік органдар мен коммуналдық ұйымдардың жұмысын байланыстыра отырып, тұрғындардың өтініші уақыты орындалуы тиіс. Қаланың одан әрі дамуы басты назарда болады. Сондықтан қызметіңіз берекелі болсын. Сәттілік", - дейді Асайын Байханов. 
Ержан Бейбітұлы Иманзаипов 1984 жылы дүниеге келген, екі жоғары білімі бар. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылуэнергетика мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2006 жылдың наурызында Павлодар қаласы "Павлодарэнерго" акционерлік қоғамының машинист-қараушысы болып бастаған. Әр жылдары "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тұрғындармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы, Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің жетекші маманы болып жұмыс істеген.
2007 жылдың наурызынан бастап 2014 жылдың сәуіріне дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінде жетекші маманы, департамент директорының орынбасары қызметін атқарған. 2014-2017 жылдары Павлодар және Екібастұз қалалары әкімінің орынбасары; 2017-2019 жылдары Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы; 2019-2020 жылдары Екібастұз қаласының әкімі болған. 2021 жылдан осы тағайындауға дейін Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы болып қызмет еткен. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 15 жылдан асадыскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты