Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың қысқаруы нарықтық ипотекаға сұранысты арттырды

Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың қысқаруы нарықтық ипотекаға сұранысты арттырды
Фото: pixabay.com

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары Қазақстанның ипотекалық нарығының биылғы жеті айдағы жай-күйіне шолу жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың деректері бойынша, ипотекалық нарықта Отбасы банкінің жеңілдікті бағдарламалары бойынша мөлшерлемелердің өсуі және оларды беру шарттарының өзгеруі, сондай-ақ 2023 жылға арналған "7-20-25" бюджетінің 100 млрд теңгеге дейін (әр тоқсанға 25 млрд теңгеден) шектелуі аясында жаңа қарыздар берудің күрт төмендеуі байқалады.

Қаңтар-шілде айларында берілген жаңа ипотекалық қарыздар сомасы 850 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас көрсеткіштен 19,3%-ға немесе 205 млрд теңгеге аз (1,1 трлн теңге). Ал ЕДБ нарықтық бағдарламаларының үлесі 2022 жылғы 9%-дық көрсеткіштен 25%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар жаңа қарыздар берудегі "7-20-25" жеңілдікті бағдарламасының үлесі екінші тоқсанда бірінші тоқсандағы 9,4%-дық және 2022 жылғы 21,5%-ға дейінгі көрсеткіштен күрт төмендеп, 5,7%-ға дейін құлдырады.

"Қаржылық жағдайлардың біршама қатаңдауына қарамастан, нарықтағы нақты мөлшерлемелер әлі де  минуста қалып отыр ("7-20-25" бойынша -7% ; нарық бойынша -3,2%), бұл мемлекеттік бағдарламаларға деген қызығушылықты арттырады", – деп атап өтті сарапшылар.

Сонымен қатар сарапшылардың пікірінше, "сұр аймақтан" шығаруды қажет ететін баспана жалдау  нарығында өсу қарқыны сақталып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді