Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аntikor Көкшетаудағы бағаны тұрақтандыру қорының жұмысын тиімсіз деп бағалады

Ақмола облысындағы «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында бірқатар кемшілік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2014 жылдан бастап корпорация бірлескен жобаларды іске асыру үшін шамамен 40 жуық ЖШС құрғандығы анықталды, алайда олардың көпшілігі іс жүзінде өз қызметін жүзеге асырмайды. Талдау көрсеткендей, бүгінгі күні әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы шығынды кәсіпорын және негізінен әкімдіктің қаржылық қолдауы есебінен жұмыс істеуде», - деді Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, тұрақтандыру қорының қызметінде де тиімділіктің жеткіліксіздігі байқалады. Тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сату облыс орталығында ғана 4 сауда павильоны арқылы жүзеге асырылды. Бұл өңірдің барлық халқының қажеттілігін өтемейді.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға арналған бюджет қаражаты мақсатты жұмсалмаған. Ал тұрақтандыру қорының жұмыс тетігінің өзі тиімсіз болып шықты. Бұдан басқа, Кәсіпкерлік басқармасы тарапынан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметіне тиісті бақылау жоқ. Сыртқы талдау барысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы теңгерімінде жайылымға арналған жалпы ауданы 1 372 га 17 жер учаскесі бар екені анықталды.

Алайда бұл жерлер мақсатына қарай пайдаланылмайды. Бұл ретте ауыл тұрғындары жеке ауладағы мал жаю үшін жайылымдық жерлердің тапшылығына шағымданады. Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін облыстық Аntikor тиісті ұсыныстар енгізді», - деп толықтырды ведомстводан. Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында ет өнімдерінің 12 пайызы сапасыз екені анықталған еді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді