Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін 10 мың тонна ұн сатып алынады

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін 10 мың тонна ұн сатып алынады. Қала әкімдігі жанындағы комиссия отырысында жеңілдікпен несиелендіру аясында «Жайма» МТС» ЖШС және «Төңкеріс» ХПП» ЖШС-мен шарттар жасалды. Жаңа қарыздар бойынша 10 мың тонна ұнға, осы жылдың соңына дейін 5 мың тонна ұнға бағаны тұрақтандыру жоспарланып отыр. Қарыздар «әлеуметтік нанға», яғни бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыруға көмектеседі.

Осылайша, ұн қаланың ірі наубайханаларына бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру үшін жеткізіледі: «Карунд» ЖШС – 100 сату нүктесі, «Халық нан» ЖК – 500 сату нүктесі, «Шах» ЖК – 1000 сату нүктесі, «Столичный хлеб» ЖШС – 1200 өткізу нүктесі, «Хлебный край» ЖК – Магнум супермаркетінің барлық дүкендері, үй жанындағы 40 дүкен және т.б. Қазір шарттар жасалды, кепілдікті қамтамасыз етуді рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында елорда әкімдігі «айналым тетігі» жобасы, тұрақтандыру қорын қалыптастыру, маусымдық жәрмеңкелер өткізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Биыл «айналым тетігі» жобасы жалғасуда. Жобаға қатысушылардың саны кеңейтілді, сондай-ақ сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін сома ұлғайтылды. Сауда желілеріне қосымша 2 млрд 700 млн теңге бөлінеді. «Айналым тетігі» жобасына «Magnum», «Анвар», «Астықжан», «Кенмарт», «Вкусмарт», «Аян», «Ақмол», «Шапағат», «Small», «Сарыарқа» базарлары және бірқатар дүкендер қатысады.

Бакалея, көкөніс, ет және сүт өнімдеріне бірқатар өндірушілермен және жеткізушілермен шарттар жасалды, оның ішінде шамамен 14 мың тонна көкөніс бойынша келісімшарт жасалды. Көкөністерді, ұнды, сиыр етін және т.б. қосымша сатып алу мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу нарықтан төмен бағаны ұстап тұруға және өнімді сатуға мүмкіндік береді. Республика өңірлерінің қатысуымен өтетін жәрмеңкелер 21 тамыздан басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Өткен жәрмеңкелерде нарықтан төмен бағамен 2 мың тоннадан астам өнім сатылды.

Сонымен қатар, тартылған инвестициялар есебінен елордада 3 көтерме-тарату орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты