Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы ІІ Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Мемлекет басшысы ІІ Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты ІІ Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысты. Жиын сұрақ-жауап форматында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Модератор Александр Шохин Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі қабылданған стратегиясында өзара инфрақұрылым байланысы, «Солтүстік – Оңтүстік» және «Батыс – Шығыс» дәліздері және үшінші елдермен арадағы қатынастар секілді перспективті бағыттар қамтылған ба деген сұрақ қойды.

Президент өз сөзінде форумға қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, жиынға шақырғаны және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ресей тарапына және Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

 Мемлекет басшысы 2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қабылданғанын атап өтті. 

– Шын мәнінде, бұл осы салада атқарылған жұмыстарға берілген баға болды. Әрине, мақсаттар мен міндеттерді қайта пысықтау керек. Форумға қатысушылар және әріптестерім Стратегияның өте маңызды, жан-жақты ойластырылған құжат екеніне келіседі деп ойлаймын. Еуразиялық экономикалық одақтың географиялық аумағы  орасан зор екенін ескерсек, өзара инфрақұрылым  байланысын дамыту мәселесі аса маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді. Бұл жерде біз бірден екі деңгейде: бірінші – ішкіодақтық, яғни одаққа мүше елдердің көлік және коммуникация салаларындағы интеграциясы бағытында, екінші – халықаралық, яғни көлік-логистика саласындағы халықаралық мәселелерді жүзеге асыру және үшінші елдермен ынтымақтастықты дамыту аясында  жұмыс істейтінімізді айта кету керек. Жаһандық тауар ағынының мейлінше жылдам өзгеріске ұшырап жатқанын ескерсек, қазір жан-жағымызды жіті бақылап, бүкіл аймақта барынша тренд қалыптастыру өте маңызды. Шығысымызда тұтас құрлықты стратегиялық тұрғыда байланыстыруды көздейтін  маңызды әрі ауқымды бастама – ҚХР-дың «Бір жол – бір белдеу» жобасы бар. Солтүстік – Оңтүстік желісіндегі сауда-экономикалық қатынасқа сұраныс бірнеше есе артты. Біз, шын мәнінде, осы үдерістердің бел ортасындамыз. Қалыптасып келе жатқан осы жаһандық экономикада біздің қандай рөл атқаратынымыз өзімізге байланысты. Өткен жылдың оқиғалары «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін «жаңа жаһандық логистиканың» басты элементі ретінде дамыту қажет екенін тағы да анық байқатты. Аталған меридианды дәліз Транскаспий халықаралық көлік бағытының ендігімен сәйкес келеді. Сондықтан екі бағытты да үйлесімді әрі жүйелі түрде дамытса, бірін-бірі толықтыра түсетінін көріп отырмыз. Бұл тек өнеркәсіп, көлік және экономика салаларын дамытпайды. Сондай-ақ бұл бағыттар алып Еуразия кеңістігіндегі өзара қарым-қатынас пен кооперацияны түбегейлі өзгерте алады. Мен бұл туралы бекер айтып отырған жоқпын. Өйткені дәл қазір көлік логистикасы халықаралық ынтымақтастықта алға шықты. Шын мәнінде, халықаралық нарықта көлік бағдарларына, логистикаға және басқа да салаларға иелік ету үшін күрес жүріп жатыр. Бұл – барлық мемлекет үшін пайдалы бизнес. Еуразиялық экономикалық одақ осы бағытта маңызды рөл атқаруға тиіс деп ойлаймын. Одақтың ең басты саяси және экономикалық серіктесі – Қытай Халық Республикасымен тиімді қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Қытай – ең ірі жүк жөнелтуші әрі ең ірі тұтынушы ел, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы форум қатысушыларына өткен аптада ҚХР-ға мемлекеттік сапармен барғанын, сапар аясында Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистикалық орталығының іргетасын қалағанын жеткізді. Президент бұл порт Орталық Азияға, Еуропаға, Түркияға және Иранға тікелей контейнер пойыздарын жөнелтетін негізгі хабқа айналатынына сенімді.  Сонымен қатар Бақты – Аягөз учаскесінде теміржол байланысын іске қосу және ҚХР бағытында бөлек шекара өткелін салу жоспарланып отыр.

– Біз Ресеймен нәтижелі ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Себебі бұл жоба тек Қазақстаннан ғана емес, Батыс Сібірден де ҚХР-ға тауар жеткізу мерзімі мен қашықтығын едәуір қысқартады. Тағы бір маңызды мәселе. Физикалық инфрақұрылымды дамытудан бөлек, «жұмсақ» инфрақұрылымды қалыптастыруға баса мән беру қажет. Яғни, цифрландыру, кедендік әкімшілендіру ісін оңтайландыру және әкімшілік жүктемені азайту. Жалпы, қазір біз Еуразияда бұрын-соңды болмаған жаңа көлік құрылымын қалыптастырып жатырмыз десек, артық айтқандық емес. Бұл іске тыңғылықты әзірлікпен әрі жұмыла кіріссек, біршама экономикалық және саяси пайдаға кенелеміз. Бізде толыққанды және конструктивті халықаралық ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екендігі туралы ортақ түсінік бар деп ойлаймын. Жалпы, ЕАЭО халықаралық ынтымақтастықты дамытуға басымдық беріп, өзінің танымалдығын, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыруға тиіс. Әрине, Еуразиялық одақтың беделі осы ұйымдағы бірлескен жұмысымыздың нақты нәтижелеріне негізделуге тиіс. Сондықтан Қытаймен, Үндістанмен, Вьетнаммен, Иранмен, Мысырмен, Израильмен, Сербиямен және басқа да серіктестермен белсенді қарым-қатынас жасау – Одақтың кемелдене түскенін және оның сауда-экономикалық тұрғыдан тартымды екенін білдіретін маңызды көрсеткіш. Өткен жылдан бері Индонезиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда жөнінде келісім жасау туралы келіссөз жүргізе бастадық. Мен бұл бағыттарды өте маңызды деп санаймын. Сондықтан  Еуразиялық комиссия шұғыл әрі жауапты жұмыс атқарады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент  Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын анықтау қажеттігіне назар аударды.

– Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек. Мұның бәрінің берік негізі болуға тиіс. Іргетасы неғұрлым мығым болса, соғұрлым мықты әрі ұзаққа төзімді ғимарат салуға болады. Ал біздің Одақтың іргетасы не? Одақ туралы келісімді толыққанды жүзеге асыру негізгі мәселе және солай бола береді.  Қазақстан 2015 жылғы Шарттың негізінде дәл осы интеграцияны қолдайтынын тағы да атап өткім келеді. Яғни, «төрт еркіндік» және инфақұрылымға тең дәрежеде қолжетімділік, әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек.  Бұл – біздің ортақ ісіміздің негізгі қағидаттары. Қазақстан дәл осы қағидаттарды ілгерілетеді. Қазір тұрақты түрде туындайтын кедергілер мен шектеулер туралы көптеген деректі тізбелейтін уақыт емес деп ойлаймын. Мен бұл жағдайды шиеленістіруді жақтамаймын. Бірақ туындаған мәселелерді осында шешу керек. Бұл жерде тәуекел өте жоғары. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – біздің Одақтың беделі. Біз, ең алдымен, өз халықтарымызға Одақтың маңыздылығын, оның тиімділігін көрсетуіміз керек. Ол үшін жан-жақты пысықталған, дұрыс шешімдер қажет. Интеграцияның өте күрделі процесс екенін түсінемін. Бұл барлық ұлттық мүддені бір арнаға тоғыстыратын өте нәзік жұмыс. Бірақ біз бұл жұмысты өзара келісе отырып жүргізуіміз керек. Бізге нақты нәтижелер қажет. Алға қойылған және жарияланған мақсаттардың басым бөлігіне әлі де қол жеткізілмеді. Сондықтан, ең алдымен, Одақ аясындағы ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің орындалуын соңына дейін жеткізуге баса мән беруіміз қажет деп ойлаймын. Мұны істемесек, алдымызға асқақ мақсаттар қою қиын. Жаңа нәрсені енгізбестен бұрын осыған дейін  бірге жоспарлаған дүниелерді іске асыруға барынша күш салуымыз қажет. Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес.  Бұл тек ұйымға мүше мемлекекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды. Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады. Біз үшін ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Әрине, стратегияда айтылған кез келген басқа саланың маңызы бар. Бірақ оларды экономика тұрғысынан қарастыру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ТМД, ҰҚШҰ аясында, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық шеңберінде жақын серіктестерімен әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға дайын. Форматтарды араластыру бастапқы мақсаттан ауытқып, ресурстарды зая кетіруге әкеп соқтыруы мүмкін.

Сонымен қатар форумда Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Армения вице-премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйледі. Сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бейнеүндеуі көрсетілді.





скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
8 комментариев
  • Chun
  • 25-11-2026, 20:37
  • : 20:37
References: Payid betting sites australia https://myspace.com/roasthole5
  • Steve
  • 26-11-2026, 00:37
  • : 00:37
A reliable site will have secure banking features to ensure player safety, particularly when using the Neosurf card. Once our account is set up, we can manage funds seamlessly and effectively use Neosurf vouchers. Simply choose the desired amount, usually starting from $10, and pay in cash or through other accepted methods. We can conveniently purchase new neosurf casinos australia vouchers and use them for deposits with minimal hassle. Moreover, using a Neosurf prepaid card can help us control our gambling budget effectively.
  • Keesha
  • 26-11-2026, 01:12
  • : 01:12
When using Mastercard or vouchers, the money goes directly into your casino account. The main advantage of using coupons is that you do not have to reveal your personal information. A NeoCash MasterCard is a plastic card that can be reloaded and later used to make deposits at the best A$10 Neosurf deposit casinos in Australia. There is an alternative and possibly easier way for you to add money to your casino account. References: cryptogamego.com
  • Jacques
  • 26-11-2026, 01:23
  • : 01:23
We run through research of the market and monitor which brands offer new PayID pokies and support PayID deposits. Pokie Spins is a freshly launched online casino, already grabbing the attention of Aussie players for its full support of PayID payments. One of the key qualities of top-tier online casinos is high payouts. Taking into account all the advantages, it’s no surprise that PayID has become in demand in online gambling. Being compatible with the majority of Australian banks, it does not require you to sign up for a new bank account just to use it. When you sign up with Asino, you can receive a total welcome package of up to AU$ 3, 145 + 400 Free Spins on your initial four deposits. References: https://winningwithin.ca/forum/topic/payid-betting-sites-australia-simple-guide
-to-fast-bank-pay/
They're generally included in welcome, deposit, and no deposit bonus offers. Good casinos also encourage you to set deposit limits and use responsible gambling tools before you start playing for real money. The best Aussie casinos get this out of the way early, so you’re not stuck waiting when it’s time to make PayID casino withdrawals. Most PayID casinos in Australia follow the same basic steps, but the details make all the difference. References: https://lecomteyachts.eu/forum/topic/payid-deposit-pokies-best-australian-onlin
e-casino-sites-for-fast-slot-play/
  • Gidget
  • 26-11-2026, 01:43
  • : 01:43
Compared to old-school bank transfers or cards, PayID just feels like it’s built for how we play today. PayID casinos are platforms for Australian players who want to skip credit cards and e-wallets. All in all, the best PayID pokies sites mix fast and secure deposits with solid casino bonuses and smooth gameplay. Play at Australian pokies and casinos that accept PayID for fast, secure payments, instant deposits, quick withdrawals, and smooth real money gaming.
  • Zella
  • 26-11-2026, 02:06
  • : 02:06
Instead of sharing your card/BSB number and other details, simply enter a unique code linked to your bank account. Using PayID as your payment method at online casinos in Australia not only offers quick and secure transactions but also opens the door to a variety of exciting bonuses. When it comes to withdrawals in online pokies that accept PayID, the usual limits range from AU$ 50 to AU$ 10,000 per transaction. At the moment, the banking instrument is supported by almost 100 local banks. Any Australian account connected to the New Payments Platform can send money to a PayID, even if you haven't registered one yourself. Not every casino offers PayID withdrawals, so check before you sign up. References: https://forum.lethalstreamz.com/
  • Timmy
  • 26-11-2026, 02:37
  • : 02:37
Die Behörde prüft und genehmigt länderübergreifende Angebote im Internet und geht zugleich gegen illegale Plattformen vor. Wichtig ist nur, dass Trustly mit der gewählten Bank zusammenarbeitet und der Anbieter die Methode eingebunden hat. Trustly steht dabei klar für Open Banking, also für Zahlungen direkt vom Bankkonto mit Freigabe über die eigene Bank-App oder ein eID-Verfahren. References: https://forum.koneksea.com
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды