Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әйелін ұрып-соққандар енді түрмеге қамалады

Әйелін ұрып-соққандар енді түрмеге қамалады
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершіліктің күшейтілгені туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, енді тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу арыздану сипатынан анықтау сипатына көшеді.

Тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне не денсаулығына қауіп төнгенде полиция шақырады. Ал қызметкерлер келген кезде агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Былтыр мұндай 70 мыңнан астам жағдай тіркелді. Көбінесе полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал әрі қарай жалғасып, кейде бұл ауыр жағдайға әкеліп соғып жатады. Ұсынылған түзетулер зардап шегушінің арызынсыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары немесе бейнебақылау камераларының жазбалары жеткілікті болады. Ал соңғы шешімді сот қабылдайды, - деп түсіндірді Ренат Зұлқайыров.

Оның айтуынша, енді тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі болмайды. Өтініш болған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады.

Енді отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту беріледі немесе 5 тәулікке дейін қамауға алынады. Егер жағдай қайталанса, онда 10 дейін тәулікке қамалуы мүмкін. Ұрғаны үшін 10 тәулікке, қайталаса 20 тәулікке дейін қамалады. Денеге жеңіл зиян келтіргені үшін 15 тәулікке дейін, ал қайталап жасағаны үшін 25 тәулікке қамауға алу. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту алынып тасталды, енді тек 10 тәулікке (5 тәулікке) қамауға алу қарастырылған, - деді ол.

Сондай-ақ ол құқық бұзушының портреті туралы да айтып берді.
Бұл көп жағдайда ер адам (80%) екенін атап өткен жөн. Бұдан бөлек бұл 30 жастан 50 жасқа дейінгі ер адамдар (52%). Олардың тұрақты жұмыс орны (74%), кәсіптік және жоғары білімі жоқ (90%). Тиісінше зардап шеккендер негізінен әйелдер (78%).  Олар көп жағдайда «агрессорға» қаржылық және психологиялық жағынан тәуелді. Балалар да зардап шегеді. Олар қатыгез көріністердің куәсі болады, - деді Ренат Зұлқайыров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді