Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Елордалық  азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды
Фото: pixabay.com

Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

“102” арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті.

42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысы қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды.

Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қолын көтеруі емес.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскені барынша пысықтауды жүргізеді.

Астана қаласының полиция департаменті егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға “102” арнасы немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефоны 8-(7172)-71-60-63 арқылы хабарласуыңыз қажет екенін хабарлайды, онда полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады