Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ойын компьютерін жинау қанша тұрады?

Видеоойындар мен ойыншылар мәліметтеріне маманданған Newzoo аналитикалық компаниясының дерегінше, әлемдік видеоойын нарығы 2022 жылы 184,4 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,3% төмен. Ал 2025 жылы көрсеткіш 211,2 млрд АҚШ долларын құрайды деп болжануда.

Видеоойындардың цифрлық нұсқаларының үлесі нарықтың 94,2%-ы, 2021 жылы 93,4% болған, физикалық тасымалдаушы үлесі — 5,8%, 2021 жылы 6,6% болды.

Ойындардың цифрлық ортасына келетін болсақ, мобильді ойындар 92,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,4% аз; консольдық ойындар — 51,8 млрд АҚШ доллары, 2021 жылмен салыстырғанда 4,2% аз; дербес компьютерлерге арналған ойындар — 38,2 млрд АҚШ доллары, бір жылда 1,8% көбейген; браузердегі ДК ойындары — 2,3 млрд АҚШ доллары, бір жылда бірден 16,7% азайған.

Аймақтар бойынша видеоойындар мен видеоойын контентін ең көп сатып алушылар Қытай мен АҚШ тұрғыгдары. Олар әлемдік видеоойын нарығының 49%-ын тұтынады: сәйкесінше 45,8 млрд және 45 млрд АҚШ доллары. Азия-Тынық мұхиты және Еуропа сәйкесінше 42,1 млрд және 32,9 млрд АҚШ долларына тұтынады.

Айта кетейік, екінші жыл қатарынан мобильді ойындар әлемдік нарықтың жартысын немесе одан да көп бөлігін алып жатыр: 2021 жылы үлесі 52%, 2022 жылы 50% (2020 жылы 49%). Қазақстан да әлемдік трендтерден қалыспайды. Мысалы, 14-ші рет өткен IESF World Esports Championship 2022 халықаралық чемпионатында Қазақстан осы чемпионат аясында алғаш рет жарияланған PUBG Mobile санатында жеңіске жетіп, 50 мың АҚШ долларын ұтты иеленді. Бұған дейін турнирде тек консольдік және ДК ойындары болатын. Айта кетейік, чемпионатқа 105 елдің өкілдері қатысты, 2023 жылы қатысушы елдердің саны 120-ға жетеді.

Осы ойындарға арналған құрылғыларға келетін болсақ, қазақстандықтар үшін олар әлі де айтарлықтай қымбат. Айталық, киберспортты консольмен немесе дербес компьютермен ойнағанға қарағанда ұялы телефонмен ойнау қолжетімді. Бірақ 2022 жылы ҚР-да iPhone 14 Pro (128 ГБ) сатып алу үшін 58,8 күн жұмыс істеу керек болды, ал Швейцарияда, АҚШ-та және Аустралияда сәйкесінше 4,6 күн, 5,7 күн және 6,1 күн ғана жұмыс істеу жеткілікті. Көршілес Ресейде picodi.com сайтының мәліметінше, флагмандық смартфонды сатып алуға 39,7 күн кетеді, бұл Қазақстанмен салыстырғанда 3 аптаға аз. 2022 жылғы ең нашар «iPhone индексі» Тәжікстанда белгіленді, онда флагмандық модель үшін жарты жыл жұмыс істеу керек — 179,5 күн, одан кейін Түркия (146,7 күн) және Қырғызстан (136,3 күн).

Айта кетерлігі, Қазақстанда Apple компаниясының флагмандық телефонын сатып алу үшін жұмыс істеуге кететін күн саны жылдан жылға азайып келеді. Мәселен, 2021 жылы бұл көрсеткіш 62,8 күн, ал 2018 жылы 86 күн болды.

Picodi.com сайтының мәліметінше, өмірін киберспортпен байланыстырғысы келетін қазақстандыққа ойын компьютерін 2260 АҚШ долларына сатып алады, бұл қымбаттылық бойынша Қазақстанды 50 елдің арасында 41-орынға шығарды. Ойын компьютерін жинау ең қымбат ел Аргентина (4238 АҚШ доллары), ал ең арзаны Польша (1547 АҚШ доллары).

Сонымен қатар, Қазақстандағы орташа жалақымен салыстырғанда ойын компьютері 4,3 жалақыны құрайды, бұл Қазақстанды 50 елдің ішінде 39-шы орынға қояды. Сондай-ақ Аргентина ең нашар көрсеткішке ие (12,4 жалақы), одан кейін Пәкістан (10,4 жалақы). Халық үшін ең қолжетімді ойын компьютерлері Швейцарияда (бар болғаны 0,3 жалақы), одан кейін АҚШ пен Аустралияда (0,4 жалақы). Көршілес Ресейде ойын компьютерін сатып алу үшін сізге 2,8 жалақы немесе 2455 АҚШ доллары қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді