Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Депутат АЕК-тен бас тарту керектігін мәлімдеді

Мәжіліс депутаты Жәмила Нұрманбетова әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіштен бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған kazlenta.kz

Депутат әлеуметтік қорғау жүйесінің заңнамалық негізі жаңғырғанына қарамастан халықтың әл-ауқатының айтарлықтай өскені байқалмайтынын атап өтті.

Мәселен, айтуынша, жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс ескірген және ештеңеге негізделмеген әлеуметтік параметрлерді қолданады.

"Тәуелсіздік алған кезде енгізілген айлық есептік көрсеткіш әлі қолданылып келеді. Иә, мүмкін ол жоспарлауға ыңғайлы шығар. Бірақ айлық есептік көрсеткіш экономикамен де, жалақымен де байланысты емес. Сол себепті болашақта әлеуметтік төлемдерді бірыңғай көрсеткішті негізге алып аудару ақылға қонымды деп санаймыз. Немесе күнкөріс деңгейі не ең төменгі жалақы", - деді Нұрманбетова мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Сондай-ақ әлеуметтік параметрлерді анықтаудың адекватты әдістемелерінің болмауы депутаттардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

"Ең төменгі күнкөріс деңгейі шындықтан алыс. Осы жылдың 10 айы ішінде азық-түлік инфляциясы 20%-ке жетіп қалды. Яғни зейнетақы мен жәрдемақыларды есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі азаматтарды лайықты әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету мүмкіндігін бермейді", - деді депутат.

Сол себепті Нұрманбетова еңбек министрлігіне күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру жұмысын бастауға кеңес берді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді