Егер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қазақстандық сотта аяқталса, онда 67,3% ықтималдықпен айыпталушы сотталады. Кемі бірінші инстанциядағы сотта сондай, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
2018 жылдан бері қылмыстық істері сотта қаралған жылына 41 мыңға жуық адамның басым көпшілігі кінәлі деп танылды. Бұл төрт айыпталушының үшеуінің белгілі бір мерзімге сотталуы немесе басқа жазаға кесілгенін білдіреді. Сотталушылардың тағы 20%-ның ісі тоқтатылды.
Өткен жылы судьялар тек 413 адамды ғана ақтады. Бұл 2021 жылы бірінші сатыдағы соттар қараған істердің жалпы санының 1,1%-ын ғана құрайды. Жалпы, соңғы төрт жылдың тоғыз айында ақталушылардың үлесі бар болғаны шамамен 1,4%. Көп пе, аз ба, айту қиын. Қажет болған жағдайда ақталу керек. Сонда судьялардың жұмысында статистикаға емес, қорғаушы мен айыптаушы тараптың дәлелдерінің дәйектілігіне баса назар аударылады.
2020 жылы Жоғарғы соттың судьясы Назгүл Рахметуллина ақтау үкімінің қиындығы туралы айта келіп, «Судья үшін ақтау — ең биік пилотаж» деді. Оның ойынша, «бір жазықсыз соттағанша, он айыптыны ақтап алған жақсы» қағидасы барлық сот жүйелері үшін басты қағида болды және болып қала береді. Дегенмен, заңгерлер ақтау үкімдерінің сирек болуы кездейсоқтық қана емес, адамдардың кінәсіздігін дәлелдеуге кедергі жасайтын жүйе екенін жиі айтады.
Ақтау үкімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатылары мен органдарының жұмысына сын. Бұған жол бермеу үшін көптеген судьялар айыптауды жөн көреді. «Айыпсыздық үкімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары дайындаған және прокуратура бекіткен айыптың сәйкессіздігі, яғни кемінде екі органның жұмысындағы қателіктерді мойындайды. Ал егер жоғары тұрған сот кінәлі емес деген үкімді шығарса, төменгі сатыдағы соттардың қателігі», — деп түсіндірді заңгер Тайыр Назжанов zakon.kz сайтына.
Бұған қоса, Қазақстанда, көптеген бұрынғы посткеңестік республикалардағы сияқты, «анықтау сот төрелігі» деген ұғым бар: судья немесе құқық қорғау органдары айыптау тараптың заң бұзушылықтарын көреді, бірақ оларға немқұрайлы қарайды. Бұл мәселе ҚР Жоғарғы сотының төрағасының да, мемлекет басшысының сөйлеген сөзінде бірнеше рет көтерілді. Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының «өткеннің инерциясына байланысты айыптаушылдық әлі де үстемдік етіп отырғанын және азаматтардың қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартылуы ғажап емес» екенін айтты.
Бұған дейін, яғни 2019 жылы Дариға Назарбаева Сенат депутаты бола отырып, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың да назарына негізсіз сот шешімдеріне қатысты көптеген шағымдарды жеткізген болатын. «Сот шешімдері негізінен жеке тұлғалардың айғақтары негізінде қабылданады. Бұл үкімді шығарып, адамды ұзақ мерзімге түрмеге отырғызу үшін жеткілікті», — деп түйіндеді Назарбаева.