"Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылдың алғашқы 10 айында 739 650 теңгеге парапар қолдан жасалған 250 ақша белгісін (247 банкнота мен 3 монета) анықтады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55 пайызға аз (457 жалған ақша белгісі тәркіленді)", – дейді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, биыл номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан көп жасалған, яғни 161 дана, бұл жалпы санның 64 пайызы. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана (11 пайыз), 5 000 теңгелік – 24 дана (9 пайыз) жалған банкноталар тұр, қалған 16 пайызы – басқа номиналдарға тиесілі.
Асқат Мұхамадиев қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленгенін айтты, яғни 126 дана (50 пайыз), одан кейін Шығыс Қазақстан облысы тұр, онда – 59, үшінші орында Астана, мұнда 22 дана жалған ақша тәркіленген. Қазақстанда жалған банкноталар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысатын көрінеді.