ҚР микроқаржы нарығы тұрақты өсіп келеді және халық арасындағы танымалдығы мен өнімдеріне сұраныс күшейді. ҚР-ның 243 МҚҰ жиынтық несие портфелі биылғы екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 838,3 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 58% артық. Ал соңғы 5 жылда ҚР МҚҰ микронесиелерінің көлемі бірден 6,4 есе өсті. Салыстыру үшін: 2022 жылғы маусымда ҚР ЕДБ несие портфелі бір жылда 27,1% өсті, ал 5 жыл ішінде өсім небәрі 37,2%-ды құрады, деп хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚР ҚНРДА) микроқаржы ұйымдарын лицензиялауды енгізуі саладағы динамикаға оң әсер етті. Енгізілген өзгерістер нарықтың тартымдылығын арттырды және оған қатысушылардың айтарлықтай белсенді болуына ықпал етті. Мысалы, бір жыл бұрын ҚР-да 217 МҚҰ тіркелген болса, 5 жыл бұрын небәрі 146 болған еді.
2022 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, несие портфелі бойынша алғашқы ондыққа кіретін МҚҰ елдегі МҚҰ микронесиелерінің жалпы көлемінің 76%-ын құрайды. KMF ұзақ уақыт бойы сөзсіз көшбасшы болып қалды: компанияның микро несиелерінің көлемі 191,3 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,1% артық. ҚР нарығындағы 25 жыл жұмысының ішінде KMF клиенттердің адалдығына ие болды және ірі халықаралық рейтингтік агенттіктерден жоғары баға алды. Осылайша, биыл мамыр айында Fitch Ratings KMF-тің ұзақ мерзімді рейтингін «B+» деңгейінде растады және ұзақ мерзімді ұлттық рейтингі ВВВ (kaz) деңгейіне көтерді, рейтингтік болжам «Тұрақты». Агенттіктің хабарландыруы тікелей нарықтық тәуекелге ұшырауы төмен әртараптандырылған несие портфелі мен әртараптандырылған қаржыландыруға байланысты.
Екінші және үшінші орында тек автонесие нарығында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары: MyCar Finance және «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан»: тиісінше 124,5 млрд және 123,1 млрд теңге.
Айта кетерлігі, биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде қаңтар оқиғасы мен одан кейінгі геосаяси дағдарысқа қарамастан ҚР МҚҰ микронесиелері 141,9 млрд теңгеге өскен. Жыл басынан бері ҚР тор-10 МҚҰ-ның 8-і несие портфелін ұлғайтты.
Несиелер көлемінің ең үлкен өсімі KMF-те байқалады: 29,6 млрд теңгеге көбейді. Биылғы жылдың басындағы KMF несие портфелінің 39%-дан астамы немесе 66,6 млрд теңге ҚР ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Әлемдегі азық-түлік дағдарысын ескерсек, бұл ерекше маңызды. Айтпақшы, KMF-тен бөлек ҚР МҚҰ үздік ондығына кіретін «Арнұр Кредит» пен «Азиялық несие қоры» да еліміздің ауыл шаруашылығы саласына белсенді қолдау көрсетуде.
Жыл басынан бері несиелік портфель өсімі бойынша «Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан» (19,2 млрд теңгеге), MyCar Finance (15,7 млрд теңгеге) және «Шинхан Финанс» (11,6 млрд теңгеге) да алдыңғы орыннан көрініп отыр.