Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте газ саласын дамыту қарастырылды

Үкіметте газ саласын дамыту қарастырылды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндама жасады. Газ саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы QazaqGaz компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов, саланы цифрландыру туралы – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы елімізде газ өндіру 59 млрд текше метрді құрады, жалпы көлемнің 85%-ы – Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған үш ірі кен орнына тиесілі. Сонымен қатар Қазақстанда тауарлық газ өндірісі 28,7 млрд текше метрге жетті. Ерлан Ақкенженов 2025 жылға арналған жоспар 29,4 млрд текше метр деңгейінде белгіленгенін баяндады.

Премьер-министр көмірсутек отынының ең экологиялық таза түрі ретінде табиғи газды тұтынудың әлемдік өсу үрдісінің сақталып отырғанына баса назар аударды. Декарбонизацияға бет алған елдерде де газ негізгі және резервтік генерация болып қала беретіні, электр желілерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап өтілді. Олжас Бектенов Қазақстанда газ азаматтардың тұрмыс сапасына, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және өңірлердің дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік маңызды ресурс болып саналатынына тоқталды.

«Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың басымдығын бірнеше рет атап өтіп, халықты газбен тұрақты қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа кен орындарын барлау жұмыстарын кеңейту бағытында тапсырмалар берді. Біздің еліміздің “көгілдір отын” бойынша әлеуеті зор. Табиғи газ қорының расталған көлемі шамамен 4 трлн текше метрді құрайды. Алайда, оны игеру үшін жүйелі тәсілдер мен жаңа инвестициялар, заманауи инфрақұрылым және ұзақмерзімді стратегия қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жер қойнауын зерттеу саласына инвесторларды тиімді тарту үшін ғылыми базаны жаңарту және геологиялық ақпаратты цифрландыру мәселесіне назар аударылды. Осы жұмыс шеңберінде өнеркәсіп және құрылыс, энергетика министрліктері мемлекеттік органдардың кәсіпорындармен өзара іс-қимылы жөніндегі бірыңғай терезені және кен орындарының цифрлық картасын қамтитын жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын әзірлейді.

Сондай-ақ газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын жеделдетіп іске асыру басым бағыт болып саналады. Оларды пайдалануға беру өнімнің қосылған құнын арттырып қана қоймай, газ импортына тәуелділікті азайтуға, сондай-ақ жанама салалардағы өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы бүгінгі таңда еліміз бойынша газбен қамту деңгейі 62,4%-ға жетеді. Олжас Бектенов 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 65%-ға дейін жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Қазіргі уақытта «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырын салу сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді:

  • Энергетика министрлігі «QazaqGaz» және «ҚазМұнайГаз» компанияларымен бірлесіп, 1-ші маусымға қарай Үкіметке жаңа газ кен орындарын дамыту және игеру жөнінде ұсыныстар енгізсін; 

  • Өнеркәсіп министрлігіне Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы жылғы тамыз айының соңына дейін жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қоссын;

  • «Самұрық-Қазына» қоры Қашаған мен Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыттарының құрылысын уақтылы аяқтауды ерекше бақылауға алсын;

  • Энергетика министрлігі осы жылдың үшінші тоқсанында Қарашығанақ газ өңдеу зауыты бойынша инвестициялық шешім қабылдауды қамтамасыз етсін;

  • Газ құбырлары жобаларын іске асыру жедел қарқынмен жүргізіліп жатқанын ескере отырып, өңір әкімдіктері ерте бастан дайындыққа кірісіп, елді мекендерді газдандыру бойынша жоспарланған барлық жұмыстарды уақтылы аяқтауды қамтамасыз етуге тиіс:

«Сондай-ақ газдандандыру жұмыстарын заманауи технологияларды қолдану арқылы да жеделдетіп жүргізуге болады. Мысалы, шетелде құбырларды механикалық тәсілмен қосу технологиясы қолданылады. Ол құбыр төсеу жұмыстарын барынша жеделдетуге мүмкіндік береді. Алайда, аталған технологияны дамыту үшін ұлттық стандарттарды қайта қарау керек болады. Өйткені қазіргі таңда құбырларды қосу дәнекерлеу арқылы ғана жүреді», — деп атап өтіп Олжас Бектенов, өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, сауда және интеграция министрліктеріне тиісті рәсімдердің жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды;

  • QazaqGaz компаниясы Энергетика министрлігімен бірлесіп 2026 жылғы 1 тамызға дейін тауарлық газды өндіруден бастап тұтыну тізбегінде цифрлық есепке алуды қамтамасыз етсін; 

  • Энергетика министрлігі мен өңірлердің әкімдері сұйытылған газды бөлу процестерін автоматтандыру жөнінде бір ай мерзімде нақты ұсыныстар енгізсін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты