Фото: © Владислав Семенов
Алматыда XVI Еуразиялық медиа форумының ресми ашылу салтанаты өтті. «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбына арналған халықаралық жиынға сенат спикері, форумның негізін салушы Дариға Назарбаева қатысты, деп хабарлайды Kazlenta.kz
Шара шымылдығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды, ресми хатты Ақпарат және коғамдық даму министрі Дәурен Абаев оқып берді.
Фото: Даурен Абаев/ © Владислав Семенов
Онда: «Бұл форум халықаралық, аймақтық деңгейдегі қордаланған мәселелердің мәні мен мазмұнына үңіліп, себебі мен салдарын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Еуразия қоғамы үшін өмірлік маңызы зор ауқымды шараға айналды. Биылғы форумның негізгі тақырыбы - сандық дәуірдің дәурені мен бүгінгі әлемдегі ақиқат трансформациясы. Тұрғындардың аталмыш кезеңнің сын-қатерлеріне қарсы тұратын иммунитетін қалыптастыру қажет, бұл - күнтәртібіндегі аса өзекті мәселе. Бүгінгі шараның әлемдік медиа қауымдастықтан жиналған қатысушылары 7500-ден асты, оның ішінде 60-тан астам мемлекеттен 700-ге жуық сарапшылар келді» делінген.
Форумның ресми бөлігі бүгінгі таңдағы аса өзекті мәселелерді қамтитын мәжілістерге бөлінген. Бірінші пікірталқы «Жаһандану(сыз): әлем дамудың жаңа үлгілерін іздейді» тақырыбы төңірегінде өрбіді. Модератор - TRT World телеарнасының жүргізушісі Гида Фахри (АҚШ). Модератор өз сөзін қазіргі уақытта саяси және экономикалық күштер арасалмағындағы түбегейлі өзгерістердің куәсі болып отырғанымыздан бастады. Әлемдік экономикадағы көпжылдық жаһандану үрдісінде «кері қозғалыс» байқалатынын айтқан маман «Жаһандық дағдарыс жағдайында қандай мүмкіндіктер пайда болады?» деген сауал тастады.
Бірінші боп сөз кезегін алған құрметті мейман, Армения президенті Армен Саркисян алдымен форумның маңызына тоқталды:
«Еуразия медиа форумы жеке институт ретінде қалыптасты, бүгінде журналистік ортаға ғана емес, бүткіл Еуразия аумағына ықпал ететіндей күші бар». Расында, Еуразия – экономика, бизнес пен саясаттың бүгіні мен болашағы. Жаһандану заманындағы жаңа құбылыстардың орталығы десек, «Қазақстан тек география, экономика және саясат тұрғысынан ғана Еуразияның жүрегі саналмайды, бұл екі ұғымның байланысы терең. Осы аймақта ғаламдық серіктесудің алғашқы идеялары туып, бүгінде шындыққа айналды» деді Армения президенті.
Фото: Бауыржан Байбек/ © Владислав Семенов
Жаһанданудың бірнеше жыл бұрыңғы кезеңдерден бастау алатынан айтқан Армения президенті Ұлы жібек жолының тарихын ғаламданудың бұған дейінгі дәуірдің үздік мысалы ретінде келтірді. Әрі бұл құбылысқа барлық дамыған, дамушы мемлекеттер қатысуы қажеттігін айтты.
Фото: Армен Саркисян/ © Владислав Семенов
Бұл орайжа еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев (Қазақстан): «Біздің жаһандану(сыз) дәуірініне қосатын өзіндік үлесіміз бар. Қазақстан – Қытай, Ресей, АҚШ пен Еуропа сынды үлкен алпауыттардың арасындағы маңызды платформа» деп атап өтті.
Бүкіл қытайлық халық өкілдері жиналысы Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Др.Байге Жао (Қытай) жаңа жаһанданудың бұған дейінгілерінен айырмашылығы зор екенін айтты.
«Біз қыры мен сыры әлі құпия болып отырған жаңа кезеңге қадам бастық. Ғаламданудың жаңа мүмкіндіктері мен тың тетіктерін меңгеру адамзат үшін мүмкін дүние. Бастысы қоршаған ортаға, ондағы қоғамға пайдалы болатын құндылықтарды анықтап алу» деп атап өтті Др.Байге Жао.
Медиа форум қатысушыларына бүгінгі дәстүрлі басылымдармен әлеуметтік желілердің бәсекесі төңірегіндегі сауалдар қызықты болды.
Спикерлер бір ауыздан бұл екі таған болашақта бір арнаға бірігетіні туралыайтты. Ұлыбританияның Еуропалық одақтағы тұрақты өкілі(2013-2017), премьер-министрдің ЕО жөніндегі бұрыңғы кеңесшісі Айвэн Роджерс:
Фото: Хендрик Ильвес/ © Владислав Семенов
2006 – 2016 жылдары Эстония президенті болған саясаткер Томас Хендрик Ильвес смартфондар пайда болған уақыттан бастап ғаламторды тұтынуға деген сұраныстың артқанын айтып, бұлт олқынға тосқауыл қою мүмкін еместігімен келісті. Өйткені әлемнің әр төртінші тұрғынында телефон бар. Десек те, сапалы контент ұсынуда дәстүрлі БАҚ үлкен басымдыққа ие екенін жеткізді.
Ал Др. Байге Жао қытайлық Huawei компаниясының негізгі промоутері бүгінгі медиа болғанын мысал ретінде келтірді. Бұл компания Times ұсынысы бойынша, Forbes сияқты көптеген халықаралық рейтинг агенттіктерінің көрсеткіші бойынша үздік деп танылған.
«Huawei - жаңа жаһанданудың үздік мысалы. Ол түрлі медиа технологияларды қолдану арқылы ғаламның кез келген тұтынушысының назарын алуға болатынын дәлелдеп берді. Бүгінгі дәстүрлі БАҚ осы компанияның мысалында өзін дамытуға болатынын түсінуі қажет. Өйткені БАҚ адамзаттың сапалы құндылықтарын сауатты талдайтын бірден бір құрал» деп атап өтті Др.Байге Жао.
Фото: Ержан Ашикбаев/ © Владислав Семенов
XVI Еуразиялық медиа форумы 22-24 мамыр аралығында Алматыдағы The Ritz-Carlton Almaty алаңында өтетін еске саламыз. «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбына арналған халықаралық шара шеңберінде әлемдік және аймақтық деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер ортақ талқыға түспек, атап айтсақ, дендеген дағдарыс үдерісі, тығырыққа тірелген тұтынушы «күйзелісі», медиа саланың цифрлануы, халықаралық құқық және сын-қатерлер, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектің кеңінен таралу тегеуріні турасында салмақты, ойлы пікірталқы өтеді.
Орта Азиядағы негізгі әрі тәуелсіз пікір алмасу платформасы болып саналатын ЕМФ басты міндеті - саясаткерлер, журналистер және Қазақстандағы, Еуразиядағы және халықаралық қоғамдастықтағы геосаясат, экономика, әлеумет пен мәдениетті дамытуға мүдделі әртүрлі сала сарапшыларының еркін әрі ашық диалог құруына жағдай жасау.
XVI Еуразиялық медиа форумының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» АҚ.
Ресми сайт – http://eamedia.org/ru/