Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Жұтқыш» есірткі курьерлері құрықталды

«Жұтқыш» есірткі курьерлері құрықталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.

Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды.

Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан артықты құрады.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады