Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық полицейлер есірткі сатушыны “жұмыс орнында” ұстады

Елордалық полицейлер есірткі сатушыны “жұмыс орнында” ұстады
Фото: polisia.kz

Елордада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні таратушыны қоғамдық орында кезекті есірткіні жасырып жатқан жерінен ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні таратушыны тікелей “жұмыс орнында”, қоғамдық орында кезекті есірткіні жасырып жатқан жерінен ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Интернациональный кентіндегі көшелердің бірінде 20 жастағы жігіт ұсталды. Жеке тінту барысында күртесінің қалтасынан салмағы 80 граммнан асатын Alfa PVP синтетикалық есірткісі оралған 87 түйіншек табылып, тәркіленді.

Ұсталғанның берген айғағына сүйенсек, осылайша ол жеңіл ақша таппақшы болған, өзінің тауарын қоғамдық орындарда қалдырып, интернет дүкен арқылы байланыссыз әдіспен сатқан. Көбінесе жеке сектор ауданында, шағын саябақтар мен аллеяларда жол бойында жасырын орындарда қалдырған.

Жедел-тергеу шаралары барысында жігіт өз кінәсін мойындап, мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бұл мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ұсталған адамның сыбайластарын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады