Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оқушылар тағы да маусымға дейін оқи ма – үкімет шешімі жарияланды

Оқушылар тағы да маусымға дейін оқи ма – үкімет шешімі жарияланды
Фото: pixabay.com

Қазақстандық оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды. Бұл туралы тамыз кеңесінде үкімет басшысының орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, оқушылар 34 апталық оқуға қайта көшеді.

“36 апталық оқу жүйесін енгізу халықаралық тәжірибе екенін мойындау керек. Бірақ мұндай жаңашылдықтар тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Министрліктің оқушыларды 1 маусымға дейін оқытуы орынды, бірақ асығыс шешім болды. Биылдан бастап 34 апталық оқуға көшкен дұрыс болады”, – дейді ол.

Дүйсенова 36 апталық оқу жүйесіне көшу 2025 жылдан кейін қаралатынын атап өтті.

Еске салайық, өткен оқу жылында қазақстандық оқушылар 1 маусымға дейін оқыды. 1-сынып оқушылары 35 апта, 2-11-ші сынып оқушылары 36 апта білім алды.

Бұдан бұрын экс-министр Асхат Аймағамбетов “Оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болды?” деген сұраққа жауап берген.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа соңғы қоңырауды қайтадан 25 мамырға ауыстыру бір күнде қабылданатын шешім еместігін айтты.

Сондай-ақ, сарапшы оқу жылын ұзарту "о бастан абсурд шешім" болғанын мәлімдеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты