Соңғы екі жылда Қазақстанда IT мамандарының бос жұмыс орындарының саны жыл сайын үштен бірден астамға артып келеді. Бірақ жұмыс іздеушілердің жеткілікті санына қарамастан, нарықта мамандар әлі де тапшы. Тәжірибелі IT мамандарын табу үшін жұмыс берушілер оларға басқа салалардағы қызметкерлерден әлдеқайда көп жалақы төлеуге дайын, деп хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
IT мамандарының табысының қарқынды өсімі экономика салаларын цифрландырудың өсуіне байланысты. Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтер нарығының көлемі (байланыс сегментін қоса алғанда) 2017–2021 жылдар аралығында 72% көбейіп, 1 трлн теңгеден 1,79 трлн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде компьютерлік бағдарламалау қызметі өткен жылы 515,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдағыдан (183,9 млрд теңге) үш есе дерлік көп.
Геосаяси дағдарыс IT-еңбек нарығына да әсер етті. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Ресейге қарсы Батыс санкциялары енгізілгеннен кейін бірнеше ондаған ірі технологиялық компаниялар Қазақстанға көшті, олардың ішінде Playrix, Tinkoff Bank, Nexters және т.б. бар. Көшірілген компаниялардың жалпы капиталдандыруы 27 млрд АҚШ долларынан асты.
«Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) мәліметінше, Қазақстандағы IT мамандарының еңбек нарығында 69,5 мың қызметкер бар. Еңбек келісімшарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесі (ЕКТБЖ) арқылы көптеген мамандар тіркелген. АРДО сарапшыларының есептеуінше, бағдарламашылар мен IT-сарапшылар саны шамамен 10% көп болуы мүмкін, өйткені Қазақстанда ЕКТБЖ-де еңбек келісімшарттарын міндетті тіркеу тек 2020 жылдың мамыр айынан бастап күшіне енгендіктен, бұрын жасалған келісімшарттар тіркелмеген болуы мүмкін. Оның үстіне жүйеде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы деректер жоқ.
Ақпарат көзінің мәліметінше, 69,5 мың IT қызметкеріне 84,1 мың еңбек шарты жасалған. Бұл IT мамандарының 21%-ы ресми түрде кемінде екі компанияда жұмыс істейді деген сөз. Бұл туралы АРДО мамандары «Қазақстанның еңбек нарығы: цифрлық шындық жолында» атты аналитикалық баяндамасында хабарлайды. 2021 жылы кемінде екі жұмыс берушіде жұмыс істейтін мамандардың үлесі 17,5% болса, 2020 жылы ол небәрі 8% болды.
hh.kz платформасының деректерін талдау нәтижесінде 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында осы жеке рекрутингтік платформасында IT мамандарына арналған бос жұмыс орындар санының бір жылда 41% өсіп, 14 мыңға жеткенін, ал биылғы қаңтар-маусым айларында өсім тағы 36% құрап, 19 мыңға жеткінін көрсетті. Оның жартысы Алматыға, 24%-ы Астанаға тиесілі.
IT саласына үміткерлер саны да артып келеді. Өткен жылдың ортасында 15 мың IT маманы hh.kz сайтында түйіндемесін жарияласа, биыл мұндай жұмысқа орналасқысы келетіндердің саны 4 есеге жуық өсіп, 59 мыңға жеткен. Бұл ретте hh-индексі – белсенді түйіндемелердің бос бос орындарға қатынасы – үшке тең. Бұл бір орынға үш адам құжат тапсырады деген сөз.
«Бір бос орынға бес-алты түйіндеме еңбек нарығында қалыпты. Бұл IT саласында жұмыс істегісі келетіндердің саны артқанымен, нарық әлі де білікті мамандардың тапшылығын сезінеді деген сөз», — деп түсіндірді платформа сарапшылары.
Адам ресурстарын дамыту орталығының мамандары аналитикалық есебінде IT секторында тек Junior-мамандар деңгейінде (жұмыс тәжірибесі жоқ немесе жаңадан бастаған тәжірибесі аз) кадрлардың кішкене профициті бар екені айтылған. Бірнеше жылдық тәжірибесі бар және табысты істері бар Middle (орта деңгей) және Senior (сарапшылар) мамандар арасында бәсекелестік төмен. Сонымен қатар, жұмыс берушілер IT рекрутерлері арқылы жоғары жалақысы бар таланттарды тартып алып отырады. Бұл үрдіс Қазақстанға ғана емес, жалпы әлемдік IT нарығына тән.
Ресми статистика Қазақстандағы IT мамандарының табысы жақсы қарқынмен өсіп келе жатқанын растайды.
Биылғы үшінші тоқсанда IT секторындағы орташа айлық атаулы жалақы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9% өсіп, 433,4 мыңнан 558,7 мың теңгеге жетті.
Сонымен қатар, АРДО мәліметінше, әр түрлі салалардағы бағдарламашылар мен веб-әзірлеушілердің орташа жалақысы айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Мысалы, мемлекеттік басқаруда IT қызметкері осы жылдың ортасында орта есеппен 218,7 мың теңге, ал тау-кен өнеркәсібінде 842 мың теңге алған. 1,3 млн теңге сома жоғары жалақы болып саналады, ең жоғарғысы 2,2 млн теңге.
Қазіргі бос орындарға қарағанда, Senior бағдарламашы үшін 2 млн теңгенің өзі ең көп жалақы емес. hh.kz рекрутингтік платформасында ең жоғары жалақы ұсыныстары бар 30-ға жуық бос жұмыс орындары орналастырылған — 2 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін жалақы ұсынады. Көбіне бұл ұсыныстарды Қазақстанда таланттарды іздейтін халықаралық компаниялар немесе IT-рекрутерлер орналастырады.
Осы бос орындардың көпшілігіне арналған ұсыныстар табысты үміткерлерге жоғары жалақыны ғана емес, сонымен қатар, қаласаңыз, қоныс аудару шығындарын, спортқа, медицинаға және балаларды оқытуға арналған шығындарды өтейтін қызметтік автокөлікті уәде етеді.