Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлемде 53 млн адам есірткі тұтынады - БҰҰ


Біріккен ұлттар ұйымы есірткі айналымы бойынша 2019 жылғы ахуал жөнінде бүкіләлемдік баяндамасын жариялады. Баяндама мәтінін ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта есірткі қолданушыларының саны болжамды мөлшерден 53 пайызға асып, 53 млн адамға жеткені айтылған.

«Синтетикалық есірткі айналымы артқан сайын фентанил мен оның баламаларын тұтынып көз жұмған адамдар саны көбеюде. 2017 жылы есірткіден 585 мың адам ажал құшты. Осы өлімдердің үштен екісін опиум тудырған. Әлемде ең көп таралған есірткі – қарасорадан алынатын каннабис. Ал ең қауіпті есірткі – героин мен опиум. Әлемдегі героин айналымының ең ірі бағыты бұрынғыдай Балқан арқылы өтуде. Яғни, есірткі Ауғанстаннан Иранға, Түркияға, Балқан елдеріне контрабандалық жолмен түседі», - делінген баяндамада.

Сондай-ақ, героин Ауғанстаннан Пәкістан арқылы Оңтүстік Азияға, Африкаға және Орталық Азия арқылы Ресей нарығына шығатыны айтылған. Дегенмен, халықаралық сарапшылардың мәліметінше, бұл бағыттардың маңыздылығы бара-бара төмендеп келеді. Мұны олар синтетикалық есірткінің кеңінен таралуымен түсіндіріп отыр.

Баяндамада Орталық Азия елдері бұл бағытта БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен әрекет етіп жатқаны айрықша аталған. Алматыда орналасқан Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы сияқты платформалар арқылы өңірде ынтымақты күрес жүріп жатқаны да құжатқа арқау болған.

Аталмыш баяндаманың толық мәтінімен ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми порталынан танысуға болады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің үндеуінде мемлекеттер нашақорлықтың алдын алуы, есірткіге құмарларды олардың құқықтарын сақтай отырып, оңалтудан өткізуі қажеттігін атап өтті. Бұл ретте, отбасы, мектеп пен қоғам маңызды роль ойнайды.

БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ, ел үкіметтерін жастармен жұмыс істеп, олардың салауатты өмір салтын ұстануына қолғабыс етуге шақырды.



Сурет: Центр юридической помощи

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда