Түркістанда полиция ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктегі ұрлық қылмысын ашты және күдіктіні ұстады. Белгілі болғандай, көлік жәбірленушінің үйінің алдында тұрған. Жас жігіт түнгі уақытта ВАЗ 2114 автокөлігін есігін тартып көрген. Көлік есігінің құлттанбағанын түсінген ол ойланбастан магнитофон мен компьютерді жымқырып кеткен. Жәбірленушіге 250 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Полиция қызметкерлері қолды болған айғақты заттарды күдіктінің үйінен тәркілеп алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Бүгін, 12:52
Түркістанда полиция ұрлық жасаған күдіктіні анықтады

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз