Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өткен жылы криптобиржалардың сауда айналымы отыз еседен асты

Өткен жылы криптобиржалардың сауда айналымы отыз еседен асты
Фото: primeminister.kz

Бүгінгі таңда Қазақстанда цифрлық активтер саласының заңнамалық және инфрақұрылымдық негізі толық қалыптасты. Бұл туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша ендігі міндет – саланы одан әрі дамыту және ел экономикасына нақты пайда әкелу. 2023 жылы «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заң күшіне енді. Оған дейін мемлекетте майнерлер өндірген цифрлық активтердің көлемі, пайдаланылатын жабдықтар және саланың жалпы ауқымы туралы толыққанды ақпарат болмаған. Осыған орай, Заң аясында цифрлық майнерлерді лицензиялау жүйесі енгізіліп, майнинг пулдарды аккредиттеу және майнинг жабдықтарын есепке алу жолға қойылды. Бүгінде елімізде 76 лицензияланған майнер, 5 аккредиттелген майнинг пулдар бар. 470 мыңға жуық майнинг жабдығы есепке алынды. 

«Ең бастысы – қазір майнинг пулдар бізге өндірілген цифрлық активтер туралы ақпаратты тұрақты түрде ұсынады. Соның нәтижесінде мемлекетте саланың нақты көлемін және оның даму көрсеткіштерін жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік пайда болды. 2025 жылы Қазақстанда майнинг пулдар арқылы шамамен 3600 биткоин өндірілді. Яғни, 2023 жылмен салыстырсақ өндіріс көлемі  4 есеге өсті. Салық түсімдері бойынша да айтарлықтай өсім бар», — деді жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі.

2023 жылы саладан бюджетке 9 млрд теңге түссе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 22,4 млрд теңгеге жетті. Яғни, салық түсімдері 2,5 есеге жуық өсті. Бұл – енгізілген жүйенің нақты нәтижесі. Майнерлер есепке алынды, өндірілген цифрлық активтердің көлемі айқындалды, ал бюджетке түсетін салық көлемі артты. 2022 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығымен және қаржы реттеушілерімен бірлесіп криптобиржаларды реттеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанда криптобиржалардың заңды әрі ашық жұмыс істеуіне қажетті реттеу жүйесі қалыптасты. 

Бүгінде Binance, Bybit, BigOne және WhiteBit сияқты ірі криптобиржалар осы жүйе аясында жұмыс істейді. Нәтижесі нақты көрсеткіштерден көрінеді. 2023 жылмен салыстырғанда 2025 жылы криптобиржалардың сауда айналымы 30 еседен асты. Пайдаланушылар саны да 215 мың адамға дейін жетіп, 4 еседен астам артты. Бұл азаматтардың заңды және қолайлы жағдай жасалған кезде қазақстандық платформаларды таңдауға дайын екенін көрсетеді. Соңғы екі жылда цифрлық активтер саласындағы заңнама едәуір жаңартылды. 2025 жылғы қарашада цифрлық майнингке қатысты бірқатар шектеу алынды. 

  • өндірілген цифрлық активтердің 75%-ын «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржалары арқылы міндетті сату талабы жойылды;

  • майнерлерге контейнерлік шешімдерді пайдалануға рұқсат берілді; 

  • майнерлердің тек бір ғана қызмет түрімен айналысу талабы жойылды.

2026 жылғы қаңтарда цифрлық активтердің жаңа түрлерін реттеу енгізілді. 

Оған цифрлық қаржылық активтер, стейблкоиндар, криптопровайдерлер және платформа операторлары кіреді. Алғашқы кезеңде нарықты реттеу міндеті шешілді. Қазір негізгі басымдық оны дамытуға беріліп отыр. 

Биыл Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың негізгі мақсаты цифрлық активтерді Қазақстанның реттелетін нарығына тарту. Министрліктің ұстанымы қарапайым. Тыйым салу емес, реттеу. Жарлықта үш негізгі бағыт көзделген. 

  • Бірінші. Активтерді көлеңкелі нарықтан шығару.

Жыл соңына дейін цифрлық активтерді ерікті түрде жария ету механизмі әзірленеді. 

Жеке және заңды тұлғалар бұрын өндірілген немесе сатып алынған активтерін қазақстандық лицензияланған платформаларға аудара алады. 

Барлық процесс қаржы мониторингі талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

  • Екінші. Салықтық ынталандыру. 

Жеке тұлғалар қазақстандық провайдерлер арқылы жүргізілген операциялар бойынша жеке табыс салығынан босатылады. 

Бұл норма 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Бұл азаматтарды шетелдік платформалардан Қазақстанның реттелетін нарығына көшуге ынталандырады. 

  • Үшінші. Пайдаланылмай жатқан ресурстарды цифрлық майнингке тарту. 

Бұл бағыт кен орындарында ілеспе мұнай газынан автономды түрде электр энергиясын өндіруді көзделген.

«Бүгінде кейбір мұнай кен орындарында өндірілетін ілеспе мұнай газы толық пайдаланылмайды. Оның бір бөлігі жағылады немесе жер қойнауына қайта айдалады. Бұл жағдайды пайдалана отырып, кен орындарында ілеспе газдан электр энергияны табуға мүмкіндік бар.  Табылған энергияны кейін цифрлық майнингке қолдануға болады. Бүгінде Энергетика министрлігімен бірлесіп тиісті механизм әзірленді. Майнер жер қойнауын пайдаланушымен келісіп, кен орнының өзінде автономды электр станциясын орната алады. Бұл жоба бірыңғай электр жүйесіне жүктеме түсірмейді. Нәтижесінде бос жатқан ресурс экономикалық айналымға тартылады. Газды жағу көлемі азаяды. Жаңа инвестициялар мен жұмыс орындары пайда болады. Бюджетке қосымша салық түседі», — деді жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі. 

Оның айтуынша осындай тәсілді шахта метанына да қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. 18 шілдеде Үкімет стратегиялық цифрлық майнинг механизмін бекітті. Механизм бойынша инвестор өз қаражатына жабдық әкеліп, деректерді өңдеу орталығын салады. Энергияны электр стансадан тікелей шарт арқылы сатып алады. Баға электр стансасының қолданыстағы тарифі бойынша белгіленеді. Бұл ретте электр стансасы тарапынан қосымша шығындар немесе жеңілдіктер талап етілмейді. Оның орнына майнерлер өндірілген цифрлық активтердің 10%-ын крипторезервке береді.

12 қыркүйекте қуаты 90 мегаватт болатын алғашқы стратегиялық цифрлық майнинг жобасы іске қосылды. Жоспар бойынша, бұл жобаның 7 жыл ішіндегі жалпы экономикалық әсері $156 млн-ды құрайды. Келесі бағыт «70/30» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – жаңа электр қуатын салуға жеке инвестиция тарту. Бұл жоба аясында инвестордың жаңа станция салуға немесе қолданыстағы станцияның қуатын арттыруға мүмкіндігі бар. Көбейтілген қуаттың 70%-ын инвестор майнерлерге және басқа да ірі тұтынушыларға тікелей сата алады. Ал қуаттың қалған бөлігі Ұлттық энергетикалық жүйесіне беріледі. Осылайша, цифрлық майнинг электр энергиясына қосымша сұраныс қалыптастырады. Бұл жаңа генерация салуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда осы жобаға қызығушылық танытқан инвестор айқындалды. Оның жоспары бойынша Екібастұз қаласында  100 мегаватт көлемінде жаңа қуат көзін салу көзделген. Инвестиция көлемі шамамен 65 млрд теңгені құрайды. 

Цифрлық активтерді күнделікті төлемдерде қолдану бағыты да дамып келеді.  Binance Kazakhstan және Alatau City Bank-пен бірлесіп цифрлық активтермен төлем жасау мүмкіндігі іске қосылды. Пайдаланушының QR-код арқылы цифрлық активтермен төлеуге, ал сатушының төлемді теңгемен қабылдауға мүмкіндігі бар. Бүгін бұл сервис Қазақстан бойынша 5 000-нан астам сауда нүктесінде қолжетімді. Қазірдің өзінде 100-ден астам транзакция жүргізілді. Келесі кезеңде Halyk Bank, Freedom Pay және Tarlan-мен интеграция жоспарланған. Сонымен қатар күнделікті төлемдер үшін теңгеге байланған стейблкоиндарды енгізу қарастырылуда. Цифрлық активтерді тұрғын үй саласында қолдану бойынша да жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі Baspana Hub платформасы. 

Baspana Hub тұрғын үйге қатысты негізгі қызметтерді бір жерде біріктіруге мүмкіндік береді. Платформа арқылы тұрғын үй іздеуге және жылжымайтын мүлік туралы қажетті ақпаратты алуға болады. Сонымен қатар аталған платформада  жылжымайтын мүлікті токенизациялау бойынша функциясын қосу жоспарлануда. Бұл азаматтарға пәтерді толық сатып алмай-ақ, оның белгілі бір үлесіне инвестиция салуға мүмкіндік береді. Қазір осы модельді реттеу, банктермен интеграция және сервистерді кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Саланы одан әрі дамыту үшін екі бағыт бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Бірінші. Цифрлық майнингке арналған ынталандырушы салық шараларын пысықтау. Бұл саланың экономикасын ескеруге және Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын сақтауға мүмкіндік береді. Екінші. Цифрлық майнерлердің электр энергиясын көтерме нарықта тең жағдайда сатып алу мүмкіндігін қарастыру.  Бұл майнерлер үшін тұрақты жағдай қалыптастырып, саланың әрі қарай дамуына жол ашады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді