Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Қызылорда қаласында өткен 2025 Ұлттық Урбан Форумына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форумды Қызылорда облысының әкімдігі және БҰҰ-Хабитат Бағдарламасы ұйымдастырды және біздің заманымыздың басты тақырыптарының бірі – өзгермелі климатқа бейімделе алатын және экологиялық жауапкершіліктің үлгісі бола алатын тұрақты, жайлы және қауіпсіз қалаларды құруға арналған.
Министр атап өткендей, «Бүгін жиналған жердің символизмін асыра бағалау қиын. Қызылорда-Арал теңізінің біртіндеп кебуі ең танымал болған елеулі экологиялық сынақтар үлесіне түскен өңір. Мұнда климаттың өзгеруінің әсері ерекше сезіледі. Су ресурстарының сарқылуы, жердің деградациясы – мұның бәрі экологиялық, урбанистік және әлеуметтік күн тәртібі қатар жүруі керек кешенді шешімдерді қажет етеді».
Сондай ақ, Министр БҰҰ құрылымдарымен және басқа да халықаралық институттармен әріптестікке толығырақ тоқталып, халықаралық әріптестердің қолдауымен және белсенді ынтымақтастығымен осы өңірде қалпына келтіру және орнықты даму жолында трансформациялар мүмкін болғанын атап өтті. Бірлескен күш-жігер озық тәсілдерді енгізуге, біліммен бөлісуге және өңір тұрғындары үшін нақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта шығарындыларды азайту және бейімделу шаралары жөніндегі мақсаттарды көрсететін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар (ОНУВ 3.0) әзірленуде. Сонымен бірге экономиканың, инфрақұрылымның және табиғи жүйелердің тұрақтылығын арттыру үшін басым шараларды айқындайтын ұлттық бейімделу жоспары әзірленуде.
Заңнамалық деңгейде Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделудің басымдығы бекітілген. Экологиялық кодекс климаттық тәуекелдерді есепке алу тәсілдерін және бейімделуді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына біріктіруді анықтайтын жеке тарауды қамтиды. Биылғы жылы экономиканың су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеу қағидаттарын және құрғақшылық пен су тасқынының теріс салдарын болдырмау жөніндегі шараларды бекітетін жаңа Су кодексі қабылданды.
Халықаралық серіктестермен, соның ішінде БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп жұмыс істеу бұл күш-жігерге қосымша мән береді. Жақында Қазақстан мен БҰҰ өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, ол 2026 жылғы өңірлік экологиялық саммитті дайындауға негіз болды. Осы Келісім шеңберінде Саммитті дайындау мен өткізуге неғұрлым үйлестірілген және келісілген тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс тобы құрылды. Бұл сондай-ақ жоғары сенімділік қолшатырындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Бұл жұмыста біз қалалық ортаның тұрақтылығын арттыруда практикалық нәтижелер көрсеткен Астана айналасында «Жасыл белдеу» құру жобасын қоса алғанда, бар тәжірибеге сүйенеміз. Мұндай бастамалардың басқа аймақтарда жалғасуы және кеңеюі маңызды.
Айта кету керек, климаттың өзгеруін азайтудың маңызды шараларының бірі орман өсіру болып табылады.
Мемлекет басшысының орман қорына 2 млрд.ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдан бастап 1 млрд. 391,3 млн. дана, ал елді мекендер аумағында – 15,7 млн. ағаш отырғызылды.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанға Арал теңізінің 2,8 млн. га құрғатылған түбі келеді. 2021 жылдан бастап Арал теңізінің құрғаған түбінде орман мелиоративтік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда сексеуіл 595 мың га алқапқа егіліп, отырғызылды.
Форум бағдарламасы қызық болды, «Жаңа қалалық күн тәртібі және Қазақстанның урбанистік көзқарасын қалыптастыру», «Қазақстанның қалалық күн тәртібін өңірлер деңгейінде іске асыру», «Қазақстанның құрғақ өңірлеріндегі климат және қалалық тұрақтылық» сияқты тақырыптық сессиялар өтті.
Сондай – ақ, қатысушылардың назары тұрғындарды, белсенділерді, бизнесті және үкіметті біріктіретін семинарға қатысу үдерістерінің тұрақты қала дамуын қалай қалыптастыратынын және «Қызылорда: өткен, қазіргі және болашақ» - жоспарлар мен жобалар көрмесіне аударылды.