Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балалар – ерекше назарда: СҚО-да мобильді топтар 500-ден астам тексеру жүргізді

Балалар – ерекше назарда: СҚО-да мобильді топтар 500-ден астам тексеру жүргізді
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында мобильді топтар 500-ден астам тексеру жүргізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мобильді топтардың мақсаты – отбасының тұрмысы төмен тізімге енуіне жол бермеу, қиын өмірлік жағдайда аумақтық полиция бөлімшелері жанындағы жедел әрекет ету топтарының басты міндеттерін уақтылы қолдау. Мобильді топтарға тәртіп сақшыларынан басқа, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың өкілдері кіреді.

Петропавлда ювеналды полицейлердің ақпараты бойынша көп балалы, толық емес, ерекше білім беру қажеттілігі бар 4 отбасы болды. Оларға заңгерлік және консультациялық көмек көрсетілді.

– Барлық адамдар белгілі бір өмірлік жағдайда өз құқықтары туралы біле бермейді. Мобильді топтардың қатысушылары құқықтық көмек көрсетеді, мысалы атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, мүгедектік беру, алимент алу мәселелері бойынша жәрдемдеседі. Тығыз ведомствоаралық өзара іс-қимыл проблемаларының туындауын барынша болдырмауға, әлеуметтік оңалтуды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Сондай-ақ, мобильді топтардың ерекше назар аударатын аймағында – балалардың жыныстық қылмыстары үшін сотталған, ата-аналық міндеттерін орындамаған, алкоголь мен есірткіні қолдануға бейім адамдармен бірге тұратын отбасылар бар. Мобильді топ қызметкерлері оларға балалардың өмір салты мен толыққанды даму мүмкіндіктерін зерттеу үшін үнемі барып тұрады.

Жыл басынан бері СҚО-да мобильдік топтар 500-ден астам тексеру жүргізді, оның барысында мүдделі мемлекеттік органдардың ерекше назарын талап ететін 64 отбасы анықталды, олар бойынша тиісті инстанцияларға 84 хабарлама жіберілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді