Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарашөкеев елде пияз қоры қанша қалғанын айтты

Қарашөкеев елде пияз қоры қанша қалғанын айтты
Фото: Azattyq Ruhy

Үкімет кулуарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде пияз қоры қанша қалғанын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz Zakon.kz сайтына сілтеп.

Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылы Қазақстанда 1,2 миллион тонна пияз жиналғанын атап өтті.

"Пиязға келетін болсақ, былтыр 1,2 миллион тонна өнім алдық. Оның 1 миллионын Жамбыл облысында жинадық. 300 мыңы тұтынуға ғана. Иә, суармалы жерлер бойынша да экспорттық әлеуетті арттыра аламыз. Бұл Жамбыл облысына қатысты. Ең бастысы, бұл көлемнен ішкі нарықты қамтамасыз ету".Ербол Қарашөкеев

Министр қазір пиязға қатысты жағдай тұрақталды деп есептейді. Оның айтуынша, қазір республика бойынша 70 мың тонна қор болса, оның 30 мыңнан сәл астамы Жамбыл облысында.

"Жамбыл облысында көтерме баға 200 теңге, Астанада 260-300 теңге. Дүкендерде пияздың түріне, қандай бағамен әкелгеніне қарай 300-360 теңге аралығында тұр. Баға тұрақталды. Пиязды сыртқа шығару қаупі әлі де бар, тыйым салынды, жағдай бақылауда".Ербол Қарашөкеев

Ол биыл пияз жеткілікті мөлшерде егілетінін атап өтті.

"Пиязсыз қалмаймыз".Ербол Қарашөкеев

Қазақстанда 2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пиязды экспорттауға тыйым салу туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы күшіне енді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады