Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы такси қызметі ТМД елдері арасында ең қымбат

Numbeo мәліметтері бойынша, абиылғы 6 қазандағы жағдай бойынша, 1 километрге такси бағасы ең арзан Пәкістанда (0,18 АҚШ доллары), ал ең қымбат Швейцарияда (3,93 АҚШ доллары) бhttps://kaz.kazlenta.kz/олды, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ долларын құрады. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында. ТМД елдерінің ішінде такси қызметі Әзірбайжан мен Ресейде Қазақстаннан қарағанда қымбат болса, Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина* және Арменияда арзанырақ.


Биылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда 3 млрд теңгені құрады (ақшалай түрде 6,4% көбейді).


Саладағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында тіркелді: 1,3 млрд теңге, ақшалай түрде жылына 37,3% көбейді. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (728,7 млн теңге, 4,4% аз) және Алматы (499,6 млн теңге, 27,1% аз) қалалары кірді. Ең аз кіріс Шығыс Қазақстан облысындағы такси компанияларында байқалды: бар болғаны 0,4 млн теңге. Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1% артық. Жолаушылар айналымы бір жылмен салыстырғанда 8,7% өсіп, 20,7 млрд жкм құрады.

Биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде такси ақысы 9% өскен.


Өңірлер бойынша Жетісу облысында баға айтарлықтай қымбаттады: бір жылда 37,7%. Одан кейін Алматы облысы мен Абай облысы: тиісінше 28,1% және 21,2%. Баға ең аз өскен өңір Ақмола облысы: 0,5% ғана. Тағы төрт облыста — Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.


Такси операторлары жүргізушілер үшін әлеуметтік аударымдар жасауға мәжбүр болады, деп хабарлайды Хабар24. Мұндай талап оларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қойылған. Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова 150 мыңнан астам қазақстандық таксист болып жұмыс істейтінін, олар әлеуметтік қорғауды қажет ететінін атап өтті. Мысалы, қазір ауырған жағдайда олардың жалақысы сақталмайды. Жүргізушілер де тегін медициналық қызмет ала алмайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді