Жм, 09 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында қала күніне орай биіктігі 50 метрлік Ту Тұғыр орнатылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ақсай қаласы күні мерекесіне орай Ақсай қаласының орталығында орналасқан Ғ.Жәңгіров атындағы саябақта Ту Тұғыр орнатылды. Қала көркін келтірген көлемі 8х16 метр, тұғырының биіктігі – 50 метрді құрайтын көк байрағымыз Ақсай қаласына Егемендігіміздің 30 жылдығына және қала күні мерекесіне орайластырылған керемет тарту болды, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Көк аспанмен таласқан егемендік пен біртұтастықты білдіретін композиция жергілікті демеушілердің қолдауымен орнатылған. Көк байрағымыздың тұғыры орнатылған салтанатты шараға аудан әкімі Миржан Сатқанов қатысып, барша қала тұрғындарын аталмыш айтулы күнмен құттықтады.


«Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығының» ұйымдастырған әсем шарада сөз алған аудан әкімі Миржан Сатқанов "Ұлтымыз үшін Тәуелсіздік қандай қымбат болса, мемлекеттік рәміздер де біз үшін сондай қастерлі. Елдігімізді таныту, абыройды асқақтату – қастерлі құндылықтарды қорғай білумен өлшенбек. Биыл  Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Осынау мерейлі күнді тойлаумен қоса, Мемлекеттік рәміздерді төрге оздыру да әрбіріміздің міндетіміз болуы тиіс" деп қуанышымен бөлісе отыра, барша халықты мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге шақырды.


Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, тұрғындардың бойындағы патриоттық сезімді нығайтуды мақсат еткен шараға Бөрлі ауданының әкімі М.Сатқанов, мекеме басшылары, Ақсай қаласының тұрғындары, белсенді жастары қатысты. Сонымен қатар, аталмыш шараның басты мақсатарының бірі - Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу арқылы азаматтардың Мемлекет Тәуелсіздігіне деген құрметінің нығаюына, жасөспірімдер бойындағы отансүйгіштік сезімінің қалыптасуына күш салу болып табылады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір азаматтың парызы.


Айтулы шара мемлекеттік әнұранмен басталып, шағын мерекелік концертпен жалғасын тапты. Аталмыш шара барысында Азаттық құрдастары, жергілікті жас ақындар Жарқынбек Шынтаев пен Өтепберген Қарасайдың Тәуелсіздікке арналған өлеңдері оқылып, аудандық демалу орталығы әншілерімен «Көк тудың желбірегені», «Бөрлі мекенім» сынды патриоттық әндер орындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді