Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «BOLASHAQ CUP» футбол турнирі өткізілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Болашақ» Қауымдастығының 20 жылдығына орай облыс жастары арасында футболдан «BOLASHAQ CUP» турниры ұйымдастырылды. Аталмыш турнир Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен өткізілді. Ойындарға  Батыс Қазақстан облысының футзал ассоциациясымен бекітілген тәжірибелі төрешілер төрелік етіп, әділ бағаларын берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Турнирді өткізудің негізгі мақсаты - қала мен облыс аудандарында футбол ойынын насихаттау және одан әрі дамыту, ойыншылардың физикалық, техникалық және тактикалық шеберлігін арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын белсенді насихаттау. 


2 күнге созылған турнирде карантиндік шектеулерге байланысты 9 команда бақ сынасты. Өтінімдер қыркүйек айының 1-іне дейін қабылданды.

Аталмыш шараға ойынға қатысушы команда мүшелерінен бөлек, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысының орынбасары Аңсар Ихсанұлы, футболдан жоғары ұлттық санаттағы төреші Рашид Хамитұлы, Орал СК директорының орынбасары, футболдан 1 санатты төреші Елена Юрьевна қатысты. Қатысушылар ойынның шарттарымен танысып, өзара топтарға бөлінді.


Жоғарғы деңгейде өткен доп додасына барлық команда жақсы дайындықпен келген. Жасыл алаңда жеңіс үшін бақтарын сынаған командалардың тартысты ойындарының нәтижесі бойынша “Фаворит” командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды “Жаңақала” командасы иеленсе, ІІІ орынды “Казталовка” командасы қанжығасына байлады. Үздік ойыншы аталымы бойынша “Фаворит” командасының ойыншысы Багаутдинов Роман марапатталып, 20 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.


Жеңімпаздарға кубок, медаль, дипломдар және 250 000, 150 000, 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар табысталды.

Сатыбаев Айдар Ержанұлы, Жаңақала шағын футбол командасының жетекшісі

«BOLASHAQ CUP» турниріне біздің алғашқы қатысуымыз емес. Былтырғы жылдың чемпиондарымыз. Биылғы жылы өкінішке орай чемпиондық бұйырмады. Дегенмен 2 орын да жаман нәтиже емес. Алғашқы ойынымызда Геона командасымен кездескен болатынбыз. 2:1 есебімен ұтылып жатырдық, бірақ соңғы 5 секунд калған кезде есепті теңестірдік. Алғашқы ойын болған соң қиындау болды. Екінші ойыңымызда Трекино командасымен кездесіп, 10:1 есебімен жеңіске жеттік. Осылайша топтық кезеңнен 1 орынмен 1/2 ойынына жолдама алдық. Жартылай финал ойынында Геона командасымен қайта кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алдық Тек финалдық ойында Оралдық «Фаворит» командасына есе жіберіп алдық. Міне әттеген ай деген жеріміз осы. Спорт болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Тек солардың барлығын көтере білу керек. Осы орайда аталмыш сайыс ұйымдастырушыларын және ойыншыларға қолдау білдіргені үшін Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөліміне алғыс білдіреміз!

Айбарша ЛЕКЕРОВА 
Орал қаласы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті