Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлеуметтік көмек: 70 мың отбасының өтініші қаралып жатыр


70 мың отбасының атаулы әлеуметтік көмек бойынша берген өтініші қаралып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Еңбекке жарамды адам шамасы келіп тұрса жұмыс істеуі керек. Барлық мемлекеттік қолдау мен көмек, әлеуметтік шаралар шынында да, мұқтаж адамға көрсетілуі тиіс. Алайда, өкінішке қарай, бұған дейін айтқанымыздай, АӘК тағайындау кезінде кейбір азаматтардың өз табысын жасыру фактілерін көп кездестірдік. Мәселен, табысы 200 мың немесе 300 мың теңге адамдар өз айлығын 40 мың теңге деп көрсеткен», - деді Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығында. 

Вице-премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырғанын, еңбек ресурстары бойынша орталыққа жұмыс істейтін барлық қазақстандық туралы мәлімет түсіп жатқанын айтып берді.

«Осының негізінде кез келген азаматтың айлығын айқындап, біліп отырмыз. Отбасы мүшелеріне шаққандағы табыстарын анықтаймыз. Отбасындағы жан басына шаққанда күнкөріс минимумынан 70 пайызға аса ма – соларға АЕК беріледі. Бірақ, өкінішке қарай, қазіргі таңда мұндай отбасылардың саны Қазақстан бойынша 70 мыңнан асады (...) Осы 70 мың отбасының шынайы табысын пысықтау бағытында жергілікті билік органдарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Елбасы да, Мемлекет басшысы айтқандай «көмек нағыз мұқтаж адамдарға берілуі керек»,- деді Бердібек Сапарбаев. 

Сондай-ақ, ол мұқтаждық пен масылдықты ажырата білу қажеттігі туралы айтты.

«Егер біз осыны пайдаланып, жұмыс істемей масыл болып кетсек, бәріміз масыл болып кетсек, болашағымыз қалай болады. Жастарды қалай тәрбиелейміз. Сондықтан, бұл жерде масылдық болмауы керек», - деп атап өтті вице-премьер.


Фото: inform.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты