Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорған тұрғындары жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды табуға көмектесті

Талдықорған тұрғындары жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды табуға көмектесті
Фото: polisia.kz

Жетісу облысының Талдықорған қаласында орын алған жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды табуға қырағы азаматтар көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлікті қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні анықтауға Талдықорған полицейлеріне қырағы азаматтар көмектесті.

Қалалық полицияға белгісіз біреу көлігін соғып, қашып кеткені туралы жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Оқиға таңға жуық болғаннан кейін, арызданушы автокөліктің нөмірін дұрыс көре алмаған.

Бірақ сол жерден өтіп бара жатқан қырағы азаматтар ЖКО-ға кінәлі азаматтың көлігін суретке түсіріп үлгерген.

– Патрульдік полиция 42 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап, жасырынып кетіп қалғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Түпкілікті шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберілді, – дейді Талдықорған ҚПБ ППР командирі Асхат Амирхамзаев.

Автокөлік айыппұл тұрағына койылды. Оқиға орнын тастап кеткені үшін құқық бұзушыға ірі көлемде ақшалай айыппұл салынады және бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді