Бүгін 7 қазан күні Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен алматылық еріктілер Нұркент ықшам ауданында жеміс аллеясын отырғызды. Алматы Арена спорт кешеніне жақын орналасқан Атлетикалық ауылдың сыртында 30-дан астам алма және қараөрік көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
«Эко-Алматы» акциясы Қазақстанның бірнеше қалаларында өткен 17 күндік марафонның мәресіне жетіп, "Шетсіз қала" және "Жасыл қала" мемлекеттік бағдарламалары аясында өтті. Жеміс ағаштарының көшеттері еріктілерге Алматы қаласының экология департаментімен ұсынылды.
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаеваның айтуынша, бұл локация тектен-тек таңдалған жоқ. Алатау ауданы орталықтан барынша қашық орналасқан және басқа аудандарға қарағанда көгалдандыруды қажет етеді.
"Біз осы игі дәстүрді жалғастырғымыз келеді. Аудан тұрғындарынан өтініштердің түсуіне қарай бұл жұмысты әрі қарай да жүргізетін боламыз", - деді ол.
Қазақстан жастары мегаполисті көгалдандыру жұмысында билік пен жұртшылықтың күш-жігерін біріктіру мақсатын көздейтін эко-акцияны өте белсенді қолдады. Әртүрлі қалалардан келген балалар кім өз ауласында, кім көшеде, ал біреулері жұмысының қасында ағаштарды күнделікті отырғызады.
"Мен қаламыздың экологиясының күрескерімін. Біз эко-акцияларды Алматының барлық аудандарында, атап айтқанда: орталықта да, ХҚКО-нда да, Алатау ауданында да өткіздік. Бұл баға жетпес еңбек және үлкен пайда", - деп бөлісті ерікті Александра Мартынчик.