Сейсенбі, 3 қараша күні Алматыда әдемі кәсіптердің өкілдері - жас дизайнерлер мен шаштараздар қатысқан чемпионаттың соңғы туры өтті.
1-ші тур әдеттегідей онлайн форматта өтті. Өтінімдер World Skills халықаралық сарапшыларымен іріктелді, ал 2 турға өткен қатысушылар Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжіне шақырылды.
Жас сәнгерлерге жасалған эскиз бен сызбаүлгілер бойынша классикалық тік юбкаларды тігу, ал қазылар алқасының мүшелеріне эскиздің, пішудің және тігудің сапасын бағалау ұсынылды. Айтпақшы, сіз классикалық тік белдемшені немесе дизайнерлердің айтуынша қарындаш белдемшені алғаш рет 40-шы жылдардың басында Кристиан Диор өзінің жаңа коллекциясының көрсетілімінде көпшілік назарына ұсынғанын білесіз бе? Белдемше сөзсіз хитке айналды, содан бері Коко Шанель жасаған әйгілі қара көйлекпен бірге сәнқойлардың гардеробына мықтап орнықты. Тік белдемшенің ыңғайлылығы, қолайлылығы және сәнділігі оны әмбебап киім-кешек қатарына енгізді және оны осы күнге дейін кез-келген әйелдің гардеробында табуға болады.
Тік белдемшені тігу оңай емес көрінеді. Ол фигураға сәйкес келуі үшін кесу және тігу мінсіз болуы керек. Қазылар алқасымен бірінші орынға ие болған Айдана Байдалды бұл тапсырманы бәрінен жақсы орындады. Тағы екі жеңімпаз - Алтынай Жанәділ мен Жамиля Мачтон сәйкесінше 2 және 3 орындарды иеленді.
«Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша байқауға қатысушыларға келетін болсақ, оларға подиумдық шаш үлгісін жасау қажет болды. Қазылар алқасы жас мамандарды бейненің, әшекейдің және модель киімінің сәйкестігі мен үйлесімділігі, модуль тақырыбына сәйкестігі, соңғы жұмыстың презентациясы, сондай-ақ барлық жұмысқа кеткен уақыт сияқты 12 аспект бойынша бағалады. Байқау жеңімпазы Ангелина Кулушова болды, 2-ші орынды Ұлпан Жұмабай, 3-ші орынды Фируза Бейсенова мен Яна Фархиева иеленді. Дизайн және шаштараз байқауларының барлық жеңімпаздары мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал жұмысын халықаралық класс шебері Марфуға Бекишева жоғары бағалаған Яна Фархиева шаштараз шеберлігі курсына жылдық оқуға қосымша сертификатпен марапатталды.
Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу чемпионаты Қоғамдық даму басқармасы мен Білім беру басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорымен ұйымдастырылғандығын естеріңізге сала кетейік. Байқау 5 мамандық шеңберінде өтті:
•Токарлық іс;
•Дәнекерлеу ісі;
•Аспаздық ісі;
• Шаштараз өнері және сәндік косметика;
•Киім дизайны және модельдеу.
Шағын чемпионатқа 16-29 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар қатыса алды. Жобаның басты мақсатының бірі - жұмысшы мамандықтарының болашағы мен қажеттілігін көрсету, жастарға өз қабілеті мен дағдысын көрсетуге, өз ісінде дамуы мен жетілуіне көмектесу.