Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінген

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінген
Фото: pixabay.com

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жетісу ауданында орналасқан балалар зияткерлік орталығының жетекшісі әкімге ArtSport, қазіргі Damubala жобасының артықшылығы туралы айтты. Қазір орталықта осы бағдарлама бойынша 80-ге жуық бала қосымша білім алып жатыр.

«Жақсы нәтижелер бар. Шахматтан чемпиондарымыз көп. Сондай-ақ балаларымыз облыстық, республикалық байқауларға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Мен бұл жобаға өте ризамын, себебі ол ата-анасы қымбат курстарға төлей алмайтын балаларды дамытуға мүмкіндік береді. Қазір менде балаларын тегін үйірмеге бергісі келетін 117 ата-ана кезекте тұр. Қала әкімі ретінде осы жобаны қолдап, әрі қарай жұмыс істеуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын»,- деді ол.

Алматы әкімі Ерболат Досаев биыл Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінген жеткізді.

«Мен бұл бағдарлама қай платформада жұмыс істесе де, шын жүректен қолдаймын. Биыл 16,2 млрд теңге бөлдік. Біз 75 мыңға жуық баланы қамтыдық. Кезекте әлі 32 мың бала бар. Мүмкіндігінше қабылдау жалғасады және қосымша қаражат бөлеміз. Көптеген мұғалімдер бағдарламаға немқұрайлық танытып, балалардан гөрі өздеріне қамқорлық жасады. Барлық ұстаздар жауапты болса, онда бағдарламаны кеңейтуге болады. Екінші жартыжылдықта кімнің жақсы қызмет көрсететінін көреміз және босаған қаражатты басқаларға бағыттайтын боламыз»,- деп жауап берді қала басшысы.

Бұған дейін мегаполисте 65 739 бала тегін секция және үйірмемен қамтылғаны туралы жазған болатынбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті