Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әскери қуаты бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 145 елдің ішінде 63-орында

Әскери қуаты бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 145 елдің ішінде 63-орында
Фото: freepik.com

Global Firepower әскери қуатының деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 145 елдің ішінде 63-орында. Елдің индексі 1,0873. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, мемлекеттің әскери қуаты соғұрлым жоғары деген сөз, деп хабарлайды kazlenta.kz finprom.kz сайтына сілтеп.

Рейтинг сарапшылары 60 түрлі факторды бағалады, оның ішінде қорғаныс шығындарының деңгейі, техника мен құрылғының арсеналы, әскердің көлемі, танктердің, кемелердің, ұшақтардың және басқа да әскери техникалардың саны, мұнай, көмір және т. б. ресурстарға қолжетімділік. Бұлар әскердің жауынгерлік қабілетіне әсер етеді. Бұл ретте ядролық қарудың болуы ескерілмеді.

Әскери қуаты ең жоғары елдер — АҚШ, Ресей және Қытай. Бутан рейтингтің ең соңында.

ТМД елдерінің ішінде Ресейден басқа Қазақстан Украина*, Әзірбайжан, Беларусь және Өзбекстаннан төмен. Рейтингте Қазақстаннан төмен Түркіменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова орналасқан.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

Қазақстаннан жоғары тұрған ТМД елдерінің ішінде Ресей қорғаныс саласына 82,6 млрд АҚШ долларын, Украина 30 млрд АҚШ долларын, Әзірбайжан 3,1 млрд АҚШ долларын жұмсайды. Бұл ретте Беларусь пен Өзбекстанның бюджеті Қазақстандағыдан бірнеше есе төмен болып шықты: Қазақстанда 2,6 млрд АҚШ доллары болса, аталған екі елде тиісінше 723,1 млн және 692,5 млн АҚШ доллары.

Global Firepower сарапшыларының мәліметінше, ҚР авиациясында 237 ұшатын құрал, соның ішінде 75 жауынгерлік тікұшақ, ал ұшақтардың ішінде — 39 шабуылдаушы ұшақ, 81 жойғыш, 17 көлік және 25 оқу-жаттығу ұшағы. Елдің құрлықтағы күштерінде 300 танк, 5,2 мың бронды тасымалдаушы, 246 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, 456 сүйретілетін артиллериялық қондырғы және 407 көп реттік зымыран жүйесі бар.

Әскери қызметкерлердің жалпы саны 77 мың адамды құрайды, оның 45 мыңы белсенді әскерилер, 32 мыңы әскерилендірілген құрамаларға жатады.

Биыл қаңтар айында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 10,6 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғыдан 24,1 есе көбейді.

Жалпы, 2022 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш 161 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық.

Өңірлер бойынша биыл қаңтар айында ең көп инвестиция Маңғыстау облысына түсті: 4,6 млрд теңге. Екінші және үшінші орында Абай және Түркістан облыстары: тиісінше 2,8 млрд және 2,7 млрд теңге.

Сектордың негізгі капиталына салынған инвестициялар портфеліндегі қаражаттың басым бөлігі банктік емес қарыз: 10,5 млрд теңге немесе бірден бүкіл портфельдің 98,6%-ы.

Жергілікті бюджет есебінен инвестиция 31,5 млн теңгені, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 120,8 млн теңгені құрады.

 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді