Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда коммуникация санатындағы қосымшалардың қайсы танымал

Технологиялық даму және цифрлық қызметтердің етек жайған кезінде Қазақстандағы және әлемде смартфонсыз немесе басқа гаджетсіз өмірді елестету қиын. Цифрландыру халық өмірінің барлық саласына еніп кетті, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


«Коммуникация» санатындағы мобильді қосымшалар қазақстандықтар арасында ерекше сұранысқа ие. Бір қызығы, осы санаттағы үздік бестіктің екеу қазақстандық ұялы байланыс операторларының қосымшасы.

2023 жылдың 27 қаңтарындағы жағдай бойынша Telegram қазақстандықтар үшін «Коммуникация» санатындағы ең танымал қосымша.

Екінші орында Beeline ұялы байланыс операторының қосымшасы «Менің Beeline-ым (Қазақстан)». Google Play-ден қосымша 10 млн-нан астам рет жүктелген. Соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіш бірнеше есе артқан.

Кәсіпкерлерге арналған WhatsApp Business мобильді қосымшасы үшінші орында: бүкіл әлем бойынша 500 млн-нан астам рет жүктеліп алынған.

Ең танымал бес қосымшаның ішінде сонымен қатар Tele2 Қазақстан мен WhatsApp Messenger де бар.

Snapchat, IZI, Mail.ru - Email App, Activ және Altel.kz үздік ондыққа енді.

ҚР-да ұялы байланыс операторлары қосымшаларының танымалдылығы түсінікті. Жылдан жылға елімізде интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны артып келеді. Мәселен, 2022 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша көрсеткіш бір жылда 3,1% өсіп, 17,4 млн абонентті құрады. Соңғы бес жылда интернетке қосылған абоненттер саны 25,6% өсті. Сонымен қатар, интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы осы кезеңде 100 адамға шаққанда 77 бірліктен 89 бірлікке дейін өсті.

Ұялы байланыс операторлары қосымшаларының қызметі абоненттерге ыңғайлы. Мысалы, «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасында сіздің:
• интернет/қоңыраулар/хабарламалар пакетінде қанша қалғанын қарауға;
• тарифтік жоспарды өзгертуге;
• төлемдер мен аударымдарды жасау — баланстан балансқа, банк картасына, шотқа, банкоматтан алуға;
• көлік қызметтерін QR арқылы төлеуге;
• баланстан коммуналдық төлемдерді төлеуге;
• басқа да қызметтерді пайдалануға мүмкіндігіңіз бар.

Ұялы байланыс операторы қосымшасының негізгі функцияларынан басқа, «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» лайфстайл-қосымша ретінде де дамып келеді. Мысалы, 2022 жылы қолданбада beeTV арналарынан тегін арналарды таңдау, hitter-ден музыка тыңдау, Beeline shop-та сауда жасау және сыйақы алу мүмкіндігі қосылды. 2022 жылы вендор (ақылы) ойындардан бас тартылып, жаңадан әзірленген «ин-хаус» қосылды. Қазір қосымша каталогында 40-қа жуық ойын бар. 2022 жылдың қарашасында компания «сыйақылар» бөлімін іске қосты. Оны қазірдің өзінде 924 мың белсенді қолданушы пайдаланып, тегін гигабайттар, минуттар, beeTV-ге кіру және hitter секілді 3,7 млн «сыйақы» алды.

Жалпы, 2022 жылдың соңына қарай «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» бірегей пайдаланушыларының орташа саны айына 4 млн-ға жуықтады.

ҚР халқының жоғары цифрлық сауаты одан сайын өсіп келе жатқанда экономиканың түрлі салаларында цифрлық қызметтерді енгізу бүгінгі күні өте өзекті. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, бұл цифрлық сауаттылық деңгейі қазірдің өзінде 87,3%, алдағы уақытта көрсеткіш әлі де өсе түспек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді