Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн күрт суытады

Синоптиктер 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елімізде кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі, осыған байланысты батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен бірге Қазақстанның орталығында, оңтүстігі және оңтүстік-шығысы оңтүстік циклонның әсерінде болады, салдарынан аталған аймақтарда жауын-шашын, қар жауады деп күтіліп отыр.

1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қатты қар жауады деген болжам бар. Ауа температурасы түнде еліміздің батысында 2-16 аяздан 5-18 аязға дейін, солтүстік-батыста 7-27 аяздан 14-30 аязғай дейін, солтүстік өңірлерде 15-28 аяздан 22-32 аязға дейін, орталықта 5-20 аяздан 13-30 аязға дейін, республиканың шығысында 15-35 аяздан 22-37 аязға дейін, оңтүстікте 3-12 аяздан 8-17 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 1-20 аяздан 8-28 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Сондай-ақ синоптиктер 1 желтоқсанға арналған еліміздің ірі қалаларының ауа райына болжам ұсынды.

Бүгін Алматыда қар жауады деп күтілуде, ауа температурасы -1 +1 градусқа дейін болады деп болжанады. Желдің жылдамдығы секундына 2-ден 7 метрге дейін жетеді. Астанада да бүгін қар жауады деп күтілуде, бірақ елордада күн әлдеқайда суық болады – мұнда термометр бағанасы -15...-17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Шымкентте де жауын-шашын күтіледі – мұнда да қар жауады, ауа температурасы 0...-2 градусқа дейін төмендейді. Үшінші мегаполисте жел 8-13 м/с күшейеді деп күтілуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды