Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО Қорғаныс істері департаментінде сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азамат көтермеленді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді. Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (87 510 теңге);

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (116 680 теңге);

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (145 850 теңге);

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (204 190 теңге);

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (291 700 теңге).

Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10% құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды (2021 жылғы АЕК деңгейі бойынша 11 668 000 теңгеден көп емес).

Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық қылмысын ашуға жәрдемдескен 2 тұлғаға 350 040 теңгеге көтермелеу сыйақысы берілді.

Оның ішінде, облыста Қорғаныс саласы қызметіндегі қылмысты ашуға жәрдемдескені үшін 204 190 теңге сыйақы, ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы қылмысты ашуға жәрдемдескені үшін 145 850 теңге сыйақы берілді.

Сонымен қатар, облыс тұрғынының ақпаратына сәйкес квазимемлекеттік сектор директорына әкімшілік хаттама толтырылды. Алайда, құқық бұзушылық туралы хабарлаған азамат сыйақыны алудан бас тартып отыр.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлауға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді