Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда полицейлер мен құтқарушылар жардан құлап түскен бойжеткенді құтқарды

Петропавлда полицейлер мен құтқарушылар жардан құлап түскен бойжеткенді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заречный кентінің тұрғыны Есіл өзенінің арғы жағасында жатқан адамды байқап қалып, бұл туралы “102” арнасына хабарлайды. Ақпарат жақын маңда патрульде жүрген Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының полинспектор Ерік Жетібаев пен аға инспектор Төлеген Алдабергеновке берілді. Оқиға орнына келген полицейлерге адам жатқан орынған апаратын жолды арғы жағада жүрген қала тұрғыны айтып отырды.

– Бірнеше минут ішінде биіктігі 30 метр болатын жардан өзен жағасын түстік. Жағада жатқан адам қыз бала екен. Қатты тоңып қалмас үшін оған сырт киімізді жауып, орап, жоғарыға көтеруге тырыстық. Алайда жағадағы балшық аяқ аттатпады. Рация арқылы жағдай туралы Жедел басқару орталығына баяндап, құтқарушылар мен жедел жәрдем шақыруды сұрадық, – дейді Төлеген Алдабергенов.

Құтқарушылар оны арнайы платформаға салып, барлығы бірге жар үстіне қауіпсіз жерге алып шықты. Бұл кезде медицина қызметкерлері де келіп, қажетті көмек көрсетті.

Анықталғандай, 18 жастағы бойжеткен Жеңіс саябағы ауданында жардан құлап кеткен. Абырой болғанда, қыз аман. Жақындарына оралды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады