Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «Jaiyq film fest» деректі және қысқа метражды фильмдер фестивалі өткізілуде

Оралда «Қала күні» мерекесіне орай  «Jaiyq film fest» деректі және қысқа метражды фильмдер фестивалі оздырылып, шараның ашылу салтанаты өткізілді. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылған фестивальге белгілі режиссерлар, продюсер-сценаристер мен актерлар шақырылған. Арнайы жайылған қызыл кілеммен жүріп өткен фестивальге қатысушылар, шақырулы қонақтар, ұйымдастырушылар мен қазылар құрамы жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Фестивальдің басты мақсаттарының бірі жас режиссерлерді, актерларды көтеру, кино шеберлерімен бір алаңда бас қосуына мүмкіндік жасап, тәжірибе алмасу болып табылады. Орал қаласы әкімдігі және «Qaiyr» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған фестивальдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов алғашқы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.Және ол ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Оралда өткізіліп отырған аталмыш фестивальдің дәстүрге айналып, халықаралық деңгейдегі беделі жоғары шараға айналарына сенімділік білдірді. Өз кезегінде қала басшысы Абат Шыныбеков аталмыш шара ұйымдастырушыларына, келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, алғыс айтты. Сонымен қатар қазақтың Қыз Жібегіне айналған Меруерт Өтекешованы мерейлі 70 жасымен құттықтай отыра, иығына камзол жауып, Жайық елінен естелік сый мен алғыс хат табыстады.


Кино және театр актрисасы, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері Меруерт Өтекешова, кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек, режиссер-сценарист Ерлан Нұрмұхамбетов, актриса, «Канн» фестивалінің жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова, продюсер, сценарист, режиссер Жеңісхан Момышев қысқа метражды фильмдер аталымы бойынша қазылық етеді. Ал қысқа метражды деректі фильмдер бойынша үздіктерді танымал кино оператор, продюсер Талғат Тайшанов, «Aqjaiyq» телеарнасының директоры Асланбек Ғұбашев, продюсер-сценарист, көптеген деректі фильмдердің режиссері Айгүл Черендинова анықтайды.

Фестиваль Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Конокрады.Уақыт жолдары» фильмінің тұсаукесерімен ашылды. Бұл фильмнің таныстырылымы 2018 жылы Канн фестивалінде өткен болатын. 2019 жылы Пусанда халықаралық кинофестиваль осы фильммен ашылып, қазіргі уақытта Францияда прокатқа шыға бастады. Ал Қазақстанда тұңғыш рет Оралда көрсетілмек.


Шара барысында актер-әнші Олжас Абай әнін тарту етіп, актриса Алтынай Нөгербек, актер Рамазан Амантай мен актриса Дариға Бадықова фестивальдің ашылуына орай  және «Қала күні» мерекесіне орай жылы лебіздерін білдірді.

Жүлдегерлер 10 аталым бойынша марапатталып, фестивальдің арнайы статуэткасына ие болатын болады. Кинофестивальге 8 елден жалпы саны 100-ден астам өтінім түскен. Қазылар алқасы екі күні ішінде іріктеуден өткен 30 фильмді қарап, үздіктерін анықтайтын болады. Фильмдер қысқа метражды және деректі фильмдер бағыттары бойынша қаралады. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Франция, Белорусь елдерінің үміткерлері жұмыстарын ұсынған. Ұйымдастырушы Алпамыс Шәрімовтың айтуынша, түскен өтінімдердің ішінен іріктелген 30 жұмыс байқауға қатысатын болады. Байқауға түскен кинолардың дені әр түрлі. Оның ішінде алғаш рет ұсынылғандар және биылғы «Канн» фестиваліне қатысқан туындылар, Қазақ ұлттық өнер уиверситеті, Тұран университеті, Жүргенов университеті студенттерінің жұмыстары да бар. Сонымен қатар оралдық Аманат Рзағалиевтің «Нағашымның әңгімесі», Жасқайрат Валиуллиев пен Бұлбұл Сапарғалиеваның «Қоңырау» картиналары да бақтарын сынамақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты