Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екі ел шекараға жақын аумақтарда шегірткеге қарсы күреске дайындық мәселесін талқылады

Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері шекараға жақын аумақтарында зиянкес шегірткеге қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Екі ел министрлігі мамандарының жыл сайынғы кеңесі биыл видео конференция  режимінде өтті. Тараптар ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөнінде жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат алмасты. Сондай-ақ, осы бағыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Алмабек Марс ресейлік әріптестеріне 2020 жылы Қазақстанда шегірткелерді улау жұмыстары 515 мың гектарға жүргізілгенін, ал биыл зиянкестер 640 мың гектар жерге таралуы мүмкін деп хабарлады.


Шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.


Бұл қаржы барлық болжанып отырған аумақтар үшін пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін сатып алуға жеткілікті.


Қазіргі уақытта Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитеті зиянкестердің таралу ошақтарын анықтау және химиялық өңдеу жүргізу жұмыстарын уақтылы бастау үшін дайындық іс-шараларын аяқтауда.


Айта кету керек, биыл Ресей Федерациясы 590 мың гектарға жуық аумаққа зиянкес шегірткеден қорғану жұмыстарын жүргізеді, деп болжанып отыр.


Онлайн-кеңестің қорытындысы бойынша 2021 жылға арналған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекара маңы аумақтарында зиянкес шегірткенің таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді