Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда Махатма Гандиге ескерткіш қойылады

Министр Дәурен Абаев үнді кинематографистерін "Еуразия" халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырды, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі мен Үндістан мәдениет министрлігі арасында 2022-2025 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасына қол қойылды. Қол қою рәсімі мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Меенакши Лекхидің екіжақты кездесуі барысында өтті.Кездесуде Дәурен Абаев биыл Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.

Оның айтуынша, Нью-Делиде ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылуы берік және достық қарым-қатынастардың айғақтарының бірі болды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында Махатма Гандиге ескерткіш ашу жоспарланған.

Сондай-ақ Дәурен Абаев кинематография, мұрағат ісі, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, министр үнді кинематографистерін "Еуразия" халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырды.Ал Меенакши Лекхи кең ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді байланыстарды нығайтуға ниетін растады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді