Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордалық тұрғындарды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды

Қызылордалық тұрғындарды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды
Фото: kazlenta.kz

Қызылордада 19 тұрғынды 26,7 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері 19 қала тұрғынын сыйақы үшін қайтарымсыз грант алып беремін деп уәде берген 42 жастағы әйелді анықтады.

Күдікті әйел 2022 жылдың наурыз айынан бастап қайтарымсыз грант алып беруге мүмкіндігі бар екендігін айтып, 19 жәбірленушіден жалпы сомасы 26 миллион 730 мың теңге ақша алған. Ақшаны алғаннан кейін бұл азаматша телефон қоңырауларына жауап бермей, қашып жүрген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас әрекеттерінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жалғасуда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызылордалық полицейлер азаматтарға қырағы болып, бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін тағы да ескертеді. Несие немесе басқа да әлеуметтік-материалдық көмек алуда күмәнді көмек ұсынатын, сондай-ақ ақша үшін жұмысқа орналасуға уәде беретін алаяқтарға сенім білдірмеңіз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді