Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысы бюджеттен триллион теңгеден астам қаржы алды

Түркістан облысы бюджеттен триллион теңгеден астам қаржы алды
Фото: kazlenta.kz

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды республикалық бюджеттен Түркістан облысына миллиардтаған доллардың "құйылуына" қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облысы қатарынан бірнеше жыл бойы бас өңір-реципиент аталып келеді. Донорлар тізімінде Алматы мен Астана, Атырау және Маңғыстау облыстары бар. Ал Түркістан ақша алушылар арасында бірінші орында ғана емес, сонымен қатар шығыны ең көп өңір саналады. Мәселен, өткен жылы облыс республикалық бюджеттен 402 млрд теңге алды — Павлодар, БҚО, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының қосынды шығыны осыған шамалас.

Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап берген Дархан Сатыбалды биыл Түркістан облысы екі есе көп қаржы алғанын мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, биыл облыс бюджеті 1 300 000 000 000 теңгені құрады. Осы соманың 10%-ы өңірдің өз бюджетіне тиесілі, қалғаны республикалық бюджеттен алынған. 2023 жылы аймақ триллион теңгеден астам қаражат алды.

- Бюджет 1 300 000 000 000 теңгеден астам. Өз кірістеріміз 10%-дан сәл асады, қалғанын біз республикалық бюджеттен трансфер арқылы аламыз, - деді әкім.

Шенеунік республикалық бюджеттен қолдаудың көптігін облыста халық санының көптігімен мен аймақта ауыл тұрғындарының саны басым болуымен  түсіндірді.

 –  Түркістан – ең тығыз қоныстанған өңір. Көпбалалы отбасылардың 1/3 бөлігі Түркістан облысында тұрады, олардың саны 180 мыңнан асады. Халықтың 80%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Мұндай жағдайда ауылдық жерлер әрдайым субсидияланады және мемлекеттен тарапынан қолдауға ие болады.

Табыстың төмен деңгейіне әсер еткен тағы бір фактор – біз жаңа облыс құрып, облыс орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына ауыстырдық. Негізгі өнеркәсіп пен табыс көзі Шымкентте қалды. Менің ойымша, бұл үлкен демографиялық өсу жағдайында қалыпты нәрсе. Осы қаражаттың 50%-дан астамы мектептерді, балабақшаларды, жалақыны және басқа да әлеуметтік бағыттарды ұстауға жұмсалады, - деп түсіндірді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді