Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының жаңа әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты. Сессияда әкім қызметіне қос бірдей кандидат ұсынылды. Оның бірі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды болса, екіншісі Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков.


Халық қалаулыларының басым бөлігі Дархан Сатыбалдының кандидатурасын қолдап дауыс берді.


Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы - экономист-менеджер, заңгер.


Еңбек жолында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. Шымкент қаласынан Сенат дерпутаты болып сайланған. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.


«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Түркістан облысының әкімі қызметін атқарып келді. Ал, биылғы жылдың 24 тамызында отставкаға өтініш берді. Оған басты себеп, 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, 10 жылға сотталуы болды.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты