«Риддер ЖЭО» АҚ биылғы қыста бірқатар апаттарға ұшырап, ара кідік тоқтап қалған Қазақстандағы стратегиялық жылу көздерінің бірі. Алайда қондырғылардың тозғанына, меншік иесінің ауысуына және кәсіпорынның миллиардтаған қарызына қарамастан, облыс билігі тағы да энергетика тапшылығының алдын алу үшін, 60 мыңға жуық халқы бар қаланы жылумен қамтамасыз ететін энергетикалық нысанды өз бақылауларына алып, оны қалпына келтіруге кірісті.
«Маңызды жұмыстың бірінші кезеңі басталды. Барлық 6 қазандық күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте бізде жылу беру маусымы қарсаңында қысқа мерзім мен халық алдында үлкен жауапкершілік тұр. Барлық күрделі техникалық жабдықтарды, мысалы, 6 Үлкен шарлы диірменді "Қазцинк" зауыты жасайды. Ал қалған басқа жабдықтар негізінен ШҚО зауыттарында жөнделеді. Тағы бір маңызды міндет – ғимараттың контурын жабу және жылудың шығуына жол бермеу. Үшінші міндет – шаңды жою. Жұмысшылар мына шаң-тозаңмен тыныстамас үшін, ондаған жылдар бойы жұмыс істемеген желдеткішті қалпына келтіру қажет.Төртінші міндет-энергетикалық бөлік. Мұнда бар 3 турбина 50 МВт-тан астам өндіре алады, бірақ бұл қазір мүмкін емес. Біз оларды өз тұтынуымызды жабу үшін 25-30 МВт-қа шығарғымыз келеді, ал энергияның аз мөлшерін Қазцинкқа немесе қалаға беру жоспарлануда»,- деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, күл үйіндісінде де ауықымды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Облыс әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, онда бір тонна күлді төгу мүмкін емес. Ол толығымен толып тұр. Мамандар бұл мәселенің техникалық шешімін ойластырып үлгерді де. Және күл үйіндісінің екінші бөлігін қайта жаңарту жоспарлануда. Тағы бір мәселе Громотуха өзенінде шұға пайда болған кезеңде жылу көзін және жалпы қаланы сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайтыны белгілі болды. «Водоканал Риддер» мекемесінің басшылығы қала тұрғындары мен стансасын үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін жобаларды әзірлеуде.
Риддерде соңғы 5 жылда алғаш рет жылу желілерінің гидравликалық сынақтары жүргізілді. 3,3 шақырым құбыр ауыстырылады. Айта кету керек, мердігерлер жұмысты қаржыландыру басталмай жатып іске кірісіп кетті.
«Осылайша, қазірдің өзінде станцияның барлық 6 қазандығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер ретінде «Перспективные технологии-Қазақстан» компаниясы. Қазіргі уақытта 128 адам жұмылдырылған», - деді «Риддер ЖЭО» АҚ бас директоры Игорь Михайленко.
«Жылу электр орталығының меншік нысанына келетін болсақ, оның мемлекеттік бақылауға өтуін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өкінішке орай, бұл нысанды өз миллиардтарына жөндейтін инвестор келеді деген үміт жоқ. Ондай меценаттар табылмас. Сондықтан біз жұмыс істейміз. Бұл ЖЭО бөлімшесі «Өскемен жылу желілері» АҚ құрамында болады, келісім-шарт жасалды. Құқықтық мәселелер шешілуде», – деп қорытындылады Даниал Ахметов.