Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирде өнер көрсетеді

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирде өнер көрсетеді
Фото: REUTERS

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанғаннан кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алдағы дүйсенбіде WTA рейтингісінде төртінші орынға көтерілетін қазақстандық теннисші Франция астанасы Парижде өтетін Ролан Гаррос жарысына қатысуға дайын екенін мәлімдеді.  Рим мастерс додасының финалында Е.Рыбакина екінші сетте қарсыласы, украиналық Ангелина Калинина жарақатына байланысты бәсекені жалғастырудан бас тартқаннан кейін жеңіске жеткен еді.  

«Бәріңізге сәлем. Бүгінгі матчты бұлай аяқтағым келмеп еді. Ангелина тезірек сауығып, Франция ашық чемпионатына қатысады деп үміттенемін. Мені қолдағандардың бәріне ризашылығымды білдіремін. Биыл кезекті титулды жеңіп алғаныма бақыттымын. Парижде кездескенше!», - деді Е.Рыбакина. 

Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысы 22 мамырда басталады. Мұнда ерлер арасында Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов өнер көрсетеді.  Ол іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 162-орында тұрған канадалық Габриэль Диалломен шеберлік байқасады.  Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді