Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Барлығы 233​ 319: ​ Атырау облысында әр үшінші адам ПТР тесттен өткен

Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустың екінші толқынына дайындықты пысықтауға қатысты өткен селекторлық кеңесте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Асылбек Шаров айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

- Облыс көлемінде COVID-19 инфекциясына анықтауға қатысты  233 319 ПТР тест жасалған, нәтижесінде 11 023 жағдай расталып отыр. Біздің өңір тест өткізу бойынша елімізде көшбасшылардың бірі. Сондықтан статистикаға сүйенер болсақ, облыстың әрбір үшінші тұрғыны тест тапсырған деуге болады. Бірақ, жұмыс барысымен біздің өңірде жүрген өзге өңір азаматтары да бар. Алайда олар біздің облыстың статистикасына енді. Бүгінгі таңда аумақтағы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын зертханалар қорында 161 682 тест сынамасы бар және 126 700 тест сынамасын алу жоспарланып отыр, - деді Асылбек Шаров.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ПТР әдісі арқылы зерттеу жүргізетін 2 мемлекеттік, 4 жекеменшік зертхана және Теңіз кенішінде екі зертхананың филиалдары барлығы 8 орталық жұмыс жасауда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты