Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл елімізде сыра рекордтық деңгейде қымбаттаған

Биылғы қаңтар–тамыз айларында сыра өндірісі 481,4 млн литрді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2% аз. Бұған дейін тиісті кезеңде алты жыл қатарынан өндіріс көбейген еді, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Отандық сыра қайнатушылар 2022 жылдың қаңтар–шілде айларында сыраға сұранысты (ішкі нарықта сату мен экспорт) 91% жапты, бұл өткен жылмен шамалас. Сәйкес кезеңдегі өндіріс 6% азайып, 409 млн литрге дейін төмендесе, импорт керісінше 3,4%, 40,5 млн литрге ғана өсті. 2022 жылғы қаңтар–шілдеде ҚР-дан сыра экспорты 12,7% төмендеп, 8,7 млн литрді құрады. Ішкі нарықта сату 5,1% төмендеп, 440,8 млн литрді құрады.


2022 жылдың қыркүйек айының соңында сыра өткен аймен салыстырғанда 1,5% қымбаттады, бұл бір айдағы ең қатты өсімнің бірі. Жалпы, биыл осындай қымбатшылық болып тұр. Мысалы, наурызда сыра бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда рекордтық 4,6% қымбаттаса, мамырда 3,3%, сәуірде 2,6%, маусымда 2,3% қымбаттаған.


2022 жылы сектордағы орташа айлық өсім 2,2%-ды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (айына орта есеппен 0,6%) және өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Салыстыру үшін: 2011 жылдан 2021 жылға дейін сыра бағасының орташа айлық өсімі небәрі 0,5%-ды құрады.


Жыл басынан бері сыра рекордтық 21,2%, ал бір жыл ішінде, яғни 2021 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,4% қымбаттады.

Өңірлер бойынша жыл басынан бері сыраның бағасы ең көп өскен Шығыс Қазақстан облысын (30%), Астана (29,2%) және Түркістан облысында (28,9%). Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда бағаның айтарлықтай өсуі Астанада (32,5%), Шығыс Қазақстанда (31,7%) және Түркістан (29,1%) облыстарында байқалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді