ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланбай, шетелдік көлігін заңдастырмаған адамдарға не істеуге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz
«Автокөлігін заңдастырмаған адамдардың тағдыры шара аяқталғаннан кейін қалай болады?» - деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, мұндай адамдарда екі-ақ жол бар.
«Заңдастырудан өтпеген көліктердің иелері қайтадан әкелген еліне шығаруы керек болар немесе бөлшектеп, қосалқы бөлшек ретінде сатып құтылатын шығар. Мен басқа жолын көріп тұрған жопын», - деді ІІМ өкілі.